АХҚО Биржасы пост-трейдинг қызметтер бойынша платформаны іске қосуда
«Астана» халықаралық биржасы (бұдан әрі – «AIX», «АХҚО биржасы») тиісті инфрақұрылымдық шешімдердің жаһандық әзірлеушісі Avenir Technology Limited (бұдан әрі-«Avenir») ұсынған трейдингтен кейінгі қызметтер бойынша бағдарламалық-техникалық шешімді іске қосады. Avenir-мен бес жылдық келісім-шарт бағалы қағаздар Тіркеушісі мен бағалы қағаздардың орталық Депозитарийін (CSD) әзірлеуді және техникалық қолдауды көздейді.
Жақында Астана биржасы Avenir бағдарламалық қамтамасыз етудің өнеркәсіптік нұсқасын енгізуді аяқтады. CSD барлық он қатысушысы Avenir платформаларына қосылған, олар SWIFT арқылы пост-трейдинг операцияларын қарастырады. Инфрақұрылымды толық сынау, оның ішінде нарықтың барлық қатысушыларын тарта отырып, толық циклді үш тестілеу, сондай-ақ Exactpro тәуелсіз сараптама компаниясының тестілеуі өткізілді.
«АХҚО биржасы Қазақстан мен көршілес елдер үшін әлемдік деңгейдегі тиімді қор алаңына айналады. Қауіпсіз және сенімді саудадан кейінгі инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін, біздің талаптарға бейімделе алатын кәсіби технологиялық провайдер қажет болды. Біз тәжірибелі өнім берушімен әріптестікте биржадағы сауданы іске қосуға дайын болғанымызға өте қуаныштымыз», — деді Тимоти Беннетт, АХҚО Биржасы Басқарма Төрағасы.
Avenir 2014 жылдан бастап қаржы нарығының инфрақұрылымы үшін шешімдер ұсынады және бүкіл әлем бойынша кемелденген және дамушы нарықтарда орналасқан компаниялардың өсіп келе жатқан санымен жұмыс істейді.
«Біз соңғы төрт жылда болашақтың қаржылық нарығының инфрақұрылымына арналған шешімдерді ұсыну үшін әлемнің дамушы нарығымен белсенді түрде жұмыс жасап келеміз. Біз Қазақстанда осындай келісімшартқа қол жеткізгенімізге қуаныштымыз», — деді Avenir еншілесі мен директоры Мартин Бэйн.
Анықтама ретінде:
АХҚО. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық орталық құру болып табылады. АХҚО-ның басты міндеті – Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық нарық капиталын негізге ала отырып, бағалы қағаздар нарығының жандандырылуын қамтамасыз ету, қаржылық қызметтер саласына тікелей инвестиция тарту үшін қолайлы орта құру арқылы ел экономикасына инвестиция тартуға жол ашу болып табылады. www.aifc.kz
AIX. АХҚО Биржасы (AIX) 2018 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен AIX-ке сауда алаңын ұсынып отырған NASDAQ бар. www.aix.kz
Avenir саудадан кейінгі қаржылық нарықтың инфрақұрылымы үшін шешімдерді ұсыну жөніндегі жаһандық әзірлеуші болып табылады. Білікті топтың қолдауының арқасында, оның негізін қалаушылар мен қызметкерлер салалық білімнің жоғары деңгейін меңгеріп алған. Avenir тәуекелдерді тиімді түрде қалай басқару керек, сауда операциясынан тыс жерде құнды қағаздар нарығында тіркелу және есеп айырысу операцияларын өңдеу сынды мәселелер жөнінде нарық операторлары мен нарық қатысушыларына кеңес береді. Avenir клиенттері әлемнің көптеген елдерінде бар. Олардың қатарында Вьетнам, Ұлыбритания мен Жаңа Зеландия да бар. Сол сияқты компания өзге де жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. www.avenir-technology.com
БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]