АХҚО Биржасы Еуропа-Азиялық қор биржалары федерациясының мүшесі атанды

21 Желтоқсан 2018

АХҚО Биржасы Еуропа-Азиялық қор биржалары федерациясының мүшесі атанды

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (AIX) Еуропа, Азия және Жерорта теңізі алабының 33 мүшесін біріктіретін Еуропа-Азиялық қор биржалары федерациясының толыққанды мүшесі атанды. Федерацияның мақсаты мен миссиясы Еуразия өңірінің (Еуропа, Азия, Жерорта теңізі алабы) капитал нарықтарын дамытуға, ілгерілетуге және ынтымақтастыққа жәрдемдесу болып табылады. Бұл ұйымның мүшесі болу AIX үшін бизнесті қолдау, тренингтер мен вебинарлар, зерттеулер мен жарияланымдар арқылы білім алмасу, PR қолдау, FEAS ConFEAS флагмандық іс-шараға қатысу сияқты FEAS артықшылықтарын алуға мүмкіндік береді.

AIX Басқарма Төрағасы Тим Беннеттің айтуынша:

«Осы мүшелікке қол жеткізу арқылы AIX Федерацияның Еуропа-Азия өңіріндегі капитал нарықтарын дамытуға, қолдауға және ілгерілетуге әрі ынтымақтастыққа өз үлесін қосуға қатысты көзқарасы мен миссиясын қолдайды. Бұл капитал нарықтарын кеңейту және тереңдету, капиталға қолжетімділік беруге арналған қауіпсіз әрі сенімді платформаны қамтамасыз ету және Қазақстан мен өңір ішінде және одан тыс жерлерде инвестициялау мүмкіндіктерін қамтитын AIX тұжырымдамасына сәйкес келеді».

FEAS-тың 26-шы жыл сайынғы Бас Ассамблеясы барысында FEAS төрағасы Ахмед Салех әл Мархун мырза былай деп мәлімдеді:

«Бүгін біз FEAS қоғамдастығына толық құқылы мүшелер ретінде қосылған «Астана» халықаралық биржасының құрметті әріптестерімізге қош келдіңіздер дей отырып, FEAS барлық мүшелерінің атынан AIX-ті осы айтулы оқиғамен құттықтағымыз келеді. Біз ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз және бірге ортақ мақсаттарымызға қол жеткізуде бір-бірімізді қолдайтын боламыз деп сенемін».

AIX. АХҚО Биржасы (AIX) 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. 2018 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын бастап берді. AIX акционерлері құрамына AIFC, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры және NASDAQ кіреді, соңғысы AIX-ке сауда платформасын ұсынады. www.aix.kz

AIFC. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (AIFC) құру туралы Конституциялық заңғы қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтердің халықаралық деңгейдегі жетекші орталығын құру болып табылады. АХҚО-ның міндеттеріне  қаржы қызметтеріне инвестициялау үшін тартымды орта құру, капиталдың жергілікті нарықтарын дамыту, олардың халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету жолымен экономикаға инвестициялар тарту жатады. www.aifc.kz

FEAS. Еуропа-Азиялық қор биржалары федерациясы (FEAS) 1995 жылы 16 мамырда Стамбұлда құрылды, оның негізін  сол кездегі 12 мүшесі қалады. Федерацияның мақсаты Еуропа-Азия өңіріндегі (Еуропа, Азия және Жерорта теңізі алабы) капитал нарықтарын дамытуға, қолдауға, ілгерілетуге және ынтымақтастыққа жәрдемдесу болып табылады. Қазіргі уақытта Федерацияның 33 мүшесі бар, олар: 20 толық құқылы мүше, 5 қауымдастырылған мүше, 20 елден 8 бақылаушы. FEAS, оның мүшелері мен қызметі туралы ақпаратты www.feas.org сайтынан алуға болады.

БАҚ-қа арналған байланыс деректері:

AIX
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы 
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]

FEAS
Диана Газарян
Маркетинг және PR менеджері
Tel: +374 44 737727
Email:
[email protected]