АХҚО Биржасының сауда-саттық қызметіне шолу

11 Желтоқсан 2018

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (AIX) 2018 жылдың 14 қарашасынан 7 желтоқсанға дейінгі сауда-саттық қызметіне шолуды ұсынады.

Аталған уақытта «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қарапайым акцияларымен жалпы көлемі 522,097 акцияны құрайтын жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге 1 648 мәміле жасалды. Сонымен қатар «Қазатомөнеркәсіп» жаһандық депозитарлық қолхаттарымен  жалпы саны 40 492 акцияны құрайтын 500 мың АҚШ доллары сомасына 65 мәміле жасалды.

Апта ішіндегі сауда-саттыққа шолу

Бағалы қағаз3-7 желтоқсан аралығындағы аптаның қорытындысы бойынша  мәмілелер саныӨткен аптамен салыстырғандағы   өзгерістер %               3-7 желтоқсан аралығындағы аптаның қорытындысы бойынша  мәмілелер көлеміӨткен аптамен салыстырғандағы   өзгерістер %               Бүгінгі күнгі мәмілелердің жалпы саныБүгінгі күнгі мәмілелердің жалпы көлемі
KAP159-32.6%KZT 495,475,655-14.9%1648KZT 2, 421,765,090
KAP.Y21+75%US$ 198,594.33+294%65US$ 499,429.07

Тим Беннетт, AIX Басқармасының төрағасы:

«Өтімділікті және қазақстандық капитал нарықтарына қызығушылықты қалпына келтіру тұрғысынан АІХ істі жақсы бастады. Листингтен кейін КАР бағалы қағаздарыбойынша айналым 10,1%-ды құрап, 9,45% болған LSE-дегі ЖДҚ бойынша ұқсас көрсеткіштерден асып түсті. «Қазатомөнеркәсіп» акциялары мен ЖДҚ бағаларының арасындағы айырмашылықты акциялардың жылдам өсіп жатқан және құбылмалы бағасы (КАР 11% дерлікке өсті және өткен аптада 5% ауқымында саудаланды), ЖДҚ мен шетелдік валюта конвертациясына жұмсалатын уақыт пен оның бағасы, сондай-ақ ЖДҚ-ның кейбір ұстаушылары үшін түрлі салықтық позициялар аясында қарастыру керек. Осы айырмашылықты азайту және АІХ пен LSE арасындағы бағалы қағаздардың қиындық тудырмай конвертациялануын қамтамасыз ету үшін АІХ Citibank депозитарлық банкімен, оның банктік серіктестерімен және маркет-трейдерлерімен жұмыс істейді».

Ескертпе:

  1. «Қазатомөнеркәсіптің» AIX-тағы бағасы белгіленген акциялармен және Лондон қор биржасындағы айналыстағы ЖДҚ арасындағы баға айырмашылығы 7 желтоқсандағы сауда-саттық қорытындысы  бойынша 3,9% құрады. LSE мен KASE-де сатылатын басқа бағалы қағаздардың айырмашылықтары анағұрлым жоғары, ал жаһандық ауқымда базалық бағалы    қағаз бен ДЖҚ арасындағы айырмашылық 2-ден 13%-ды құрайды.
  2. AIX тізіміне қосылған ЖДҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» акциялары өзара конвертацияланады. Бұл Қазатопөнеркәсіптің проспектісінде көрсетілгендей  LSE-де листингтелген ЖДҚ-ға да қатысты. Рәсімдерге сәйкес AIX сұратуды алғаннан кейін Citibank банк-депозитаримен бірлесіп конвертациялауды жүзеге асырады. Қазіргі таңдаAIX ЖДҚ немесе акциялардың бірде бір ұстаушысынан ресми түрде рәсімделген бірде бір сұрауды алған жоқ.

Анықтама ақпарат:

AIX. АХҚО Биржасы (AIX) 2018 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту аясында құрылды. 2018 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын іске қосты. AIX акционерлері қатарында АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен AIX-ке сауда алаңын ұсынып отырған NASDAQ бар. www.aix.kz

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық орталық құру болып табылады. АХҚО-ның басты міндеті – Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық нарық капиталын негізге ала отырып, бағалы қағаздар нарығының жандандырылуын қамтамасыз ету, қаржылық қызметтер саласына тікелей инвестиция тарту үшін, қолайлы орта құру арқылы ел экономикасына инвестиция тартуға жол ашу болып табылады. www.aifc.kz