«Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның AIX-тегі акциялар саудасының апталық көлемі 151,8 млн теңгені, ЖДҚ – 122,2 мың АҚШ долларын құрады
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (АХҚО Биржасы, AIX) 2019 жылдың 21 қаңтарынан 25-іне дейінгі кезеңіндегі сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Аталған уақытта «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның («Қазатомөнеркәсіп», «KAP») қарапайым акциялары бойынша айналым 151,8 млн. теңгені (159 мәміле) құрады. Осы кезеңде «Қазатомөнеркәсіптің» жаһандық депозитарлық қолхаттарымен (ЖДҚ) 122,2 мың АҚШ доллары сомасына 10 мәміле жасалды.
Апта ішіндегі сауда-саттыққа шолу
Бағалы қағаз | Апта қоры-сы бо-ша мәмілелер саны | Өт кен апта мен салыс тыр ған дағы өзге ріс тер, % | Апта қоры-сы бо-ша мәмілелер кө лемі | Өткен апта мен салыс- дағы өзге ріс тер, % | Апта қоры-сы бо-ша саты латын акциялардың саны | Өткен аптамен салыс-ғы өз герістер, % | 2019 мәмілелердің жалпы саны | 2019 мә мілелердің жалпы көлемі |
KAP | 159 | -8.09% | KZT 151,758,615 | -13.90% | 30,462 | -12.39% | 610 | KZT 719, 659,955 |
KAP.Y | 10 | 150.00% | USD 122,222.95 | 317.10% | 9,120 | 318.16% | 22 | USD 223,947.55 |
Анықтама ақпарат:
AIX. АХҚО Биржасы 2018 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. 2018 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын іске қосты. AIX акционерлері қатарында АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен AIX-ке сауда алаңын ұсынып отырған NASDAQ бар.www.aix.kz
АХҚО. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық орталық құру болып табылады. АХҚО-ның басты міндеті – Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық нарық капиталын негізге ала отырып, бағалы қағаздар нарығының жандандырылуын қамтамасыз ету, қаржылық қызметтер саласына тікелей инвестиция тарту үшін, қолайлы орта құру арқылы ел экономикасына инвестиция тартуға жол ашу болып табылады.www.aifc.kz