АХҚО Биржасының сауда-саттық қызметіне шолу

21 Қаңтар 2019

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның AIX-тегі акциялар саудасының апталық көлемі 176,3 млн теңгені, ЖДҚ – 29,3 мың АҚШ долларын құрады Апта ішіндегі сауда-саттыққа шолу

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (АХҚО Биржасы, AIX) 2019 жылдың 14 қаңтарынан  18-іне дейінгі кезеңіндегі сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Аталған уақытта «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның («Қазатомөнеркәсіп», «KAP») қарапайым акциялары бойынша айналым 176,3 млн теңгені (173 мәміле) құрады. Осы кезеңде «Қазатомөнеркәсіптің» жаһандық депозитарлық қолхаттарымен (ЖДҚ) 29,3 мың АҚШ доллары сомасына 4 мәміле жасалды.

Апта ішіндегі сауда-саттыққа шолу

Бағалы қағазАпта қоры-сы бо-ша мәміле-лер саныӨт-    кен апта-мен салыс-ғы өзге-р, %Апта қоры-сы бо-ша мәміле-лер көлеміӨт-кен апта-мен салыс-ғы өзге-р, %Апта қоры-сы бо-ша сатыл-ын акция-дың саныӨткен апта-мен салыс-ғы өзге-р, %2019 мәміле-дің жалпы саны2019 мәміле-дің жалпы  көлемі
KAP173-4.95%KZT 176, 261,880-45.72%34,769-45.45%451KZT 567, 901,  340
KAP.Y4-42.86%USD 29, 303.2-55.26%2,181-54.66%12USD 101, 724.6

Қызметке шолу

2019 жылғы 17 қаңтарда KCR Investments N.V. акциялары “pre-IPO” санатына қосылды.

Анықтама ақпарат:

AIX. АХҚО Биржасы 2018 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын  дамыту аясында құрылды. 2018 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын іске қосты. AIX акционерлері қатарында АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен AIX-ке сауда алаңын ұсынып отырған NASDAQ бар.www.aix.kz

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық орталық құру болып табылады. АХҚО-ның басты міндеті – Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық нарық капиталын негізге ала отырып, бағалы қағаздар нарығының жандандырылуын қамтамасыз ету, қаржылық қызметтер саласына тікелей инвестиция тарту үшін, қолайлы орта құру арқылы ел экономикасына инвестиция тартуға жол ашу болып табылады.www.aifc.kz­­­