АХҚО Биржасының сауда-саттық қызметіне шолу

14 января 2019

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (АХҚО Биржасы, AIX) 2019 жылдың 3 қаңтарынан 11-іне дейінгі кезеңіндегі сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады.

Аталған уақытта «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның («Қазатомөнеркәсіп», «KAP») қарапайым акциялары бойынша айналым 391,6 млн теңгені (278 мәміле, 77 019 акция) құрады. Осы кезеңде «Қазатомөнеркәсіптің» жаһандық депозитарлық қолхаттарымен (ЖДҚ) 72,4 мың АҚШ доллары сомасына (5 310 ЖДҚ) 8 мәміле жасалды.

Апта ішіндегі сауда-саттыққа шолу

Бағалы қағаз3-11 қаңтар аралығындағы мәмілелер саныӨткен ұқсас кезеңмен салыстырғандағы   өзгерістер, %            3-11 қаңтар аралығындағы мәмілелер көлеміӨткен ұқсас кезеңмен салыстырғандағы   өзгерістер, %                        2019 ж.бүгінгі күн бойынша мәмілелердің жалпы саны2019 ж. бүгінгі күн бойынша
мәмілелердің жалпы көлемі
KAP    278-17.51%KZT 391,639,46024.89%278KZT 391,639,460
KAP.Y    8-20%USD 72,421.404.24%8USD 72,421.40

Қызметке шолу

2019 жылғы 8 қаңтарда «Атырау МӨЗ» ЖШС облигациялары AIX бағалы қағаздар ресми тізіміне «жеке орналастыру» санатында қосылды.

«First Heartland Securities» АҚ және «Fincraft Investments House» АҚ AIX сауда мүшесі және AIX CSD (AIX орталық депозитарийі») қатысушысы мәртебесіне ие болды.

Анықтама ақпарат:

AIX. АХҚО Биржасы 2018 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын  дамыту аясында құрылды. 2018 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын іске қосты. AIX акционерлері қатарында АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен AIX-ке сауда алаңын ұсынып отырған NASDAQ бар.www.aix.kz

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық орталық құру болып табылады. АХҚО-ның басты міндеті – Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық нарық капиталын негізге ала отырып, бағалы қағаздар нарығының жандандырылуын қамтамасыз ету, қаржылық қызметтер саласына тікелей инвестиция тарту үшін, қолайлы орта құру арқылы ел экономикасына инвестиция тартуға жол ашу болып табылады.aifc.kz