«Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның AIX-тегі акциялар саудасының наурыз айындағы көлемі 681 млн теңгені, ЖДҚ – 365 мың АҚШ долларын құрады
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (АХҚО Биржасы, AIX) 2019 жылдың 1 наурыздан 31 наурыз кезеңіндегі сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Аталған уақытта «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның («Қазатомөнеркәсіп», «KAP») қарапайым акциялары бойынша айналым 680 832 345 теңгені (498 мәміле) құрады. Осы кезеңде «Қазатомөнеркәсіптің» жаһандық депозитарлық қолхаттарымен (ЖДҚ) 364 859.03 АҚШ доллары сомасына 28 мәміле жасалды.
Ай ішіндегі сауда-саттыққа шолу
Бағалы қағаз | Ай қо ры тындысы бой -ша мәмілелер саны | Өт кен ай мен са лыс тырған дағы өз ге рістер, % | Ай қорытындысы бой- ша мәмілелер көлемі | Өткен ай мен салыс тыр ған да ғы өз ге рістер, % | Ай қо ры тын ды сы бой-ша сатылатын акциялардың саны | Өт кен ай мен са лыс тыр ған дағы өз ге рістер, % | 2019 жылғы мәмілелердің жалпы саны | 2019 жыл ғы мәмі лелердің жалпы көлемі |
KAP | 498 | -27% | KZT 680,832,345 | -5% | 127,780 | -8% | 1,913 | KZT 2, 222, 042, 220 |
KAP.Y | 28 | -30% | USD 364,859.03 | -42% | 25,232 | -45% | 99 | USD 1,314,114.74 |
Анықтама ақпарат:
AIX. АХҚО Биржасы 2018 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. 2018 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын іске қосты. AIX акционерлері қатарында АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен AIX-ке сауда алаңын ұсынып отырған NASDAQ бар. www.aix.kz
АХҚО. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық орталық құру болып табылады. АХҚО-ның басты міндеті – Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық нарық капиталын негізге ала отырып, бағалы қағаздар нарығының жандандырылуын қамтамасыз ету, қаржылық қызметтер саласына тікелей инвестиция тарту үшін, қолайлы орта құру арқылы ел экономикасына инвестиция тартуға жол ашу болып табылады. www.aifc.kz