«Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның AIX-тегі акциялар саудасының қаңтар айындағы көлемі 796,7 млн теңгені, ЖДҚ – 316,7 мың АҚШ долларын құрады
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (АХҚО Биржасы, AIX) 2019 жылдың 1 қаңтарынан 31 қаңтары кезеңіндегі сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Аталған уақытта «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның («Қазатомөнеркәсіп», «KAP») қарапайым акциялары бойынша айналым 796 652 555 теңгені (691 мәміле) құрады. Осы кезеңде «Қазатомөнеркәсіптің» жаһандық депозитарлық қолхаттарымен (ЖДҚ) 316 672 АҚШ доллары сомасына 31 мәміле жасалды.
Ай ішіндегі сауда-саттыққа шолу
Бағалы қағаз | Ай қоры-сы бой-ша мәмілелер саны | Өткен ай мен салыс-ғы өзгеріс тер, % | Ай қоры-сы бой-ша мәмілелер көлемі | Өткен ай мен салыс-ғы өзге ріс тер, % | Ай қоры-сы бой-ша са ты ла тын акциялардың саны | Өткен аймен салыс-ғы өз ге рістер, % | 2019 ж. мәмі лелердің жалпы саны | 2019 ж. мәмі лелер дің жалпы көлемі |
KAP | 691 | -20.57% | KZT 796,652,555 | -41.50% | 157,712 | -43.46% | 691 | KZT 796,652,555 |
KAP.Y | 31 | -6.06% | USD 316,672.48 | 12.49% | 23,548 | 9.68% | 31 | USD 316,672.48 |
Анықтама ақпарат:
AIX. АХҚО Биржасы 2018 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. 2018 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын іске қосты. AIX акционерлері қатарында АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен AIX-ке сауда алаңын ұсынып отырған NASDAQ бар.www.aix.kz
АХҚО. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық орталық құру болып табылады. АХҚО-ның басты міндеті – Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық нарық капиталын негізге ала отырып, бағалы қағаздар нарығының жандандырылуын қамтамасыз ету, қаржылық қызметтер саласына тікелей инвестиция тарту үшін, қолайлы орта құру арқылы ел экономикасына инвестиция тартуға жол ашу болып табылады. www.aifc.kz