Астана халықаралық биржасы (AIX) мен Абу-Даби қор биржасы (ADX) инвесторға екі елдің қор нарығына жол ашатын платформа құру туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім ADX-тің Tabadul Digital Exchange Hub (Tabadul/Tabadul Hub) платформасы арқылы екіжақты сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік береді.
2022 жылдың шілдесінде ADX Tabadul Hub-ты аймақтағы цифрлық биржалық сауданың орталығы ретінде ұсынды. Tabadul аймақтық және жаһандық деңгейде сауда жасау мақсатында қатысушы-биржалар үшін цифрлық биржа желісін құра отырып, нарыққа өзара қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Tabadul-дың мақсаты – нарықтар арасындағы сауда мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, қатысушы-нарықтардағы ынтымақтастықты күшейту және өтімділікті арттыру.
2023 жылдың 7 маусымында AIX өзінің Tabadul Hub-тың мүшесі болуға ADX-пен келісімге келгенін жариялады. AIX-тің Tabadul-ға қосылуының арқасында платформаның ауқымы мен функционалдығы кеңейеді, бұл инвесторлар үшін сауда құралдарының өтімділігін арттырып, инвестпортфельдерін әртараптандырады.
Members: