Құпиялылық және «cookie» файлдарын пайдалану саясаты

ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ

 Бұл Веб-сайт өз Пайдаланушыларының кейбір жеке деректерін жинай алады.

 Осы Құпиялылық және «Сookie» файлдарын пайдаланылу саясаты АХҚО-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі, ал дербес деректерді өңдеу АХҚО-ның 2017 жылғы №10 Деректерді қорғау Ережелеріне  («Ереже») сәйкес жүзеге асырылады.

Осы Құпиялылық және «Сookie» файлдарын пайдалану саясатында қолданылатын терминдер, егер өзгеше белгіленбесе, Ережедегі немесе тиісті сәтте қолданыста болған редакциядағы Ережеcіндегі мәндермен бірдей болады.

Осы Құпиялылық және «Сookie» файлдарын пайдалану саясатынан немесе соған байланысты туындайтын Пайдаланушы мен біздің компания арасындағы кез келген дау АХҚО сотының қағидалары мен ережелеріне сәйкес АХҚО сотында реттелуге жатады.

Егер осы Құпиялылық және «Сookie» файлдарын пайдалану саясатының қандай да бір ережесін (немесе ереженің бір бөлігін) қандай да бір сот немесе құзыретті юрисдикцияның әкімшілік органы заңды күші жоқ, орындалмайтын немесе заңсыз деп таныған жағдайда, мұндай шарт немесе ереже өз күшін заңда барынша рұқсат етілген көлемде сақтайтын қалған шарттар мен ережелерден бөлінетін болады.

Жиналатын деректер түрлері

Кері байланыс нысаны (осы веб-сайтта) және хат алмасу деректері

Пайдаланушы кері байланыс нысанына деректерді енгізген кезде осы веб-сайтқа ақпаратты, баға ұсыныстарын немесе нысанның тақырыбында көрсетілген кез-келген басқа сұрауларға жауап беру үшін көрсетілген деректерді пайдалануға рұқсат береді. Бұл хат-хабарлар Пайдаланушымен байланысты сақтау және есепке алу мақсатында өңделуі мүмкін. Жиналатын Дербес деректерге мыналар жатады: электрондық пошта мекенжайы, аты-жөні, компания деректемелері, хабарлама мазмұны, сондай-ақ хабарламаға қатысты метадеректер.

Тарату тізімі және ақпараттық бюллетень (осы Веб-сайтта)

Пайдаланушының электрондық пошта мекенжайы осы Веб-сайтқа қатысты коммерциялық немесе жарнамалық сипаттағы ақпаратты қамтитын электрондық хабарламаларды ала алатын адамдардың байланыс мәліметтері тізіміне қосылуы мүмкін.

Пайдалану деректері

Осы Веб-сайттан (немесе үшінші тараптың осы Веб-сайтта қолданылатын сервистерінен) автоматты түрде жиналатын ақпарат мыналарды қамтуы мүмкін: осы Веб-сайтқа кіретін Пайдаланушылар жұмыс істейтін компьютерлердің IP мекенжайлары немесе домендік атаулары, URI (біркелкі ресурстардың идентификаторлары) мекенжайлары, сұрау уақыты, серверге сұрау жіберу үшін пайдаланылған әдіс, жауап ретінде алынған файл өлшемі, сервердің жауап беру күйін көрсететін сандық код (сәтті нәтиже, қате және т. б.), шыққан елі, Пайдаланушы пайдаланатын браузердің және операциялық жүйенің ерекшеліктері, кіру уақыты туралы әр түрлі мәліметтер (мысалы, қосымшадағы әр бетте өткізілген уақыт) және кірген беттердің реттілігіне ерекше назар аудара отырып, қосымшада жүріп өткен жол туралы мәліметтер, сондай-ақ құрылғының операциялық жүйесінің және/немесе Пайдаланушының АТ ортасының басқа параметрлері.

Жүйелік журналдар және техникалық қызмет көрсету

Жұмыс істеуін және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында осы Веб-сайт және үшінші тараптардың кез келген сервистері осы Веб-сайтпен өзара іс-қимылды тіркейтін файлдарды жинауды (Жүйелік журналдар) жүзеге асыра алады немесе осы мақсаттар үшін басқа да Дербес деректерді (мысалы, IP-мекенжай) пайдалана алады.

Жарияланатын деректер

Веб-сайтта немесе біздің сервистер арқылы жариялау мақсатында Пайдаланушы орналастыратын ақпаратты Веб-сайт өңдеуі мүмкін. Жарияланатын деректер осындай жариялау және Веб-сайт пен сервистерді әкімшілендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында өңделуі мүмкін. Жиналатын дербес деректерге мыналар кіреді: электрондық пошта мекенжайы, аты-жөні, мекенжайы, телефон нөмірі, жариялауға арналған суреттер, жынысы, туған күні, білімі және жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер.

Дербес деректерді ұсыну

Дербес деректерді Пайдаланушы ерікті негізде ұсынады немесе пайдалану туралы деректер жағдайында, осы Веб-сайтты пайдалану кезінде автоматты түрде жиналады.

Осы Веб-сайт сұраған барлық деректер міндетті болып табылады және мұндай жеке деректерді бермеу осы Веб-сайттың өз сервистерін ұсына алмауына әкелуі мүмкін. Осы Веб-сайтта кейбір Дербес деректер ұсыну үшін міндетті болып табылмайтыны нақты көрсетілген жағдайларда, Пайдаланушылар бұл дербес деректерді сервистің қолжетімділігіне немесе жұмыс істеуіне қатысты қандай да бір салдарсыз ұсынбауға құқылы.

Егер Пайдаланушыларда қандай Жеке деректерді беру міндетті екендігі туралы сенімділік болмаса, олар AIX-ке («Деректер Иеленушісімен») хабарласа алады.

Осы Веб-сайт немесе осы Веб-сайт пайдаланатын үшінші тарап сервистері иелерінің «Cookies» файлдарын және басқа да кез-келген қадағалау құралдарын пайдалануы, егер бар болса, осы құжатта және «Соокіе» файлдарын пайдалану саясатында сипатталған кез-келген басқа мақсаттардан бөлек Пайдаланушыға қажет қызметті ұсыну мақсатын көздейді.

Пайдаланушылар осы Веб-сайттың көмегімен алынған, жарияланған немесе таратылған үшінші тұлғалардың кез келген Дербес деректері үшін жауапты, сондай-ақ Иеленушіге Дербес деректерді беруге үшінші тұлғаның келісімінің болуын растайды.

Деректерді өңдеу әдісі мен орны

Өңдеу әдістері
Деректерді өңдеу операторы Пайдаланушылардың Деректерін тиісті түрде өңдеуге және Деректердің рұқсатсыз қолды болуына, ашылуына, өзгеруіне немесе рұқсатсыз жойылуына жол бермеу үшін тиісті қауіпсіздік шараларын қолдануға міндеттенеді.

Деректерді өңдеу көрсетілген мақсаттарға сай келетін ұйымдастырушылық рәсімдер мен режімдерге сәйкес компьютерлер және / немесе АТ құралдары арқылы жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда, Деректерді өңдеу операторынан басқа, ақпарат қажет болған жағдайда Иеленушінің тапсырмасы бойынша Дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыратын тұлғалар ретінде тағайындалған сайттың жұмыс істеп тұруымен айналысатын белгілі бір қызметкерлерге (әкімшілендіру, сату, маркетинг бөлімі, заң бөлімі, жүйелік әкімшілендіру бөлімі) немесе сыртқы ұйымдарға (мысалы, сыртқы техникалық қызмет көрсетушілер, пошта операторлары, хостинг провайдерлері, АТ компаниялары, телекоммуникация агенттіктері) үшін қолжетімді болуы мүмкін. Осындай тараптардың тізімі бар жаңартылған тізбені Деректерді өңдеу операторынан кез келген уақытта сұрауға болады.

Деректерді халықаралық беру

Пайдаланушы Деректер АХҚО шегінен тыс юрисдикцияда болатын сенімді бұлт қызмет жеткізушілеріне берілуі, оларда өңделуі және сақталуына болатынын мойындайды.

Сақтау уақыты

Деректер Пайдаланушы сұратқан немесе осы құжатта баяндалған мақсаттарда көзделген сервисті ұсыну үшін немесе Дербес деректер операторының заңды немесе нормативтік міндеттемелерін сақтау үшін қажетті мерзім ішінде сақталады, бұл ретте Пайдаланушы әрқашан осы құжатта көзделгендей Дербес деректер операторынан деректерді тоқтата тұруды немесе жоюды талап ете алады. Қалай болғанда да, Деректер белгілі бір заңнаманың талаптарына сәйкес ұзағырақ сақталуы қажет деректерден басқа немесе осы Деректер қажет болған жағдайда жүргізіліп жатқан сот процесі жағдайында 7 (жеті) жыл өткеннен кейін біздің жүйелерімізден жойылады.

Жиналған деректерді пайдалану

Пайдаланушыға қатысты деректерді жинау Иеленуші өз қызметтерін ұсынуы үшін жүзеге асырылады.

Дербес деректер операторы Пайдаланушының Дербес деректерін біздің компаниялар тобының кез келген мүшесіне (біздің еншілес компанияларымыз, біздің холдингтік компаниямыз және оның барлық еншілес компаниялары) бұл негізді түрде қажет көлемде аша алады.

Дербес деректер операторы Пайдаланушының Дербес деректерін біздің сақтандыру компанияларына және/немесе кәсіби консультанттарға сақтандыру өтемін алу және сақтау, тәуекелдерді басқару, кәсіби консультациялар алу және заңдық дауларды реттеу мақсаттары үшін негізді түрде қажет шамада аша алады. Пайдаланушының Дербес деректерін Дербес деректер операторы заңды мақсаттарда, сотта немесе осы Веб-сайтты немесе онымен байланысты сервистерді тиісінше пайдаланбаудан туындаған ықтимал сот талқылауын көздейтін кезеңдерде пайдалана алады.

Сот талқылауы

Осы Құпиялылық саясатында айтылған нақты жағдайларда Дербес деректерді ашуға қосымша, Дербес деректер операторы біз бағынатын заңды міндеттемені орындау үшін не Пайдаланушының өмірлік маңызды мүддесін немесе басқа тұлғаның өмірлік маңызды мүддесін қорғау үшін қажет болған кезде Пайдаланушының дербес деректерін аша алады.

Пайдаланушы Дербес деректер операторынан мемлекеттік органдардың сұрау салуы негізінде Дербес деректерді ашу талап етілуі мүмкін екенін білетінін мәлімдейді.

Пайдаланушылар құқығы

 Қол жеткізу құқығы

Пайдаланушы кез-келген уақытта өзінің Дербес деректерінің жиналғандығы туралы, қандай уақыт аралығында және қандай мақсатта жиналды деген сұрақпен жүгінуге құқылы.

Түзету құқығы

Пайдаланушы кез келген уақытта қарапайым сұрау негізінде дұрыс емес немесе толық емес Дербес деректерді түзетуді немесе толықтыруды талап етуге құқылы.

Өңдеуді шектеу құқығы

Пайдаланушы өзінің Дербес деректерін өңдеуді шектеуді талап ете алады. Бұл дегеніміз, тиісті Деректер біздің компьютерлік жүйемізде «белгіленуі» керек және оны белгілі бір уақыт аралығында пайдаланылуы мүмкін емес болады.

Дербес деректерді жою құқығы

АХҚО заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Пайдаланушы өзінің Дербес деректерін жоюды талап етуге құқылы. Дербес деректер, әсіресе, егер ол үшін мынадай себептердің бірі болса, дереу жойылуға тиіс:

  1. a) Дербес деректер енді олар жиналған немесе басқаша өңделген мақсаттар үшін талап етілмегенде;
  2. b) Пайдаланушы оның Дербес деректерін өңдеуге берген келісімін қайтарып алып, Деректерді ары қарай өңдеу үшін басқа заңды негіздер жоқ болғанда;
  3. c) Дербес деректерді өңдеу заңсыз болғанда.

Пайдаланушының Дербес деректері құқықтық талаптарды ұсыну, іске асыру немесе қорғау үшін қажет кезде жою құқығы болмайды.

Пайдаланушының құқықтарын іске асыру мақсатында (мүмкін болса) және/немесе Пайдаланушының Дербес деректерін өңдеуге байланысты кез келген басқа мәселелерді шешу үшін Пайдаланушыға төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша Дербес деректер операторына жүгінуді ұсынамыз.

Бұл Веб-сайт «Бақылауға тыйым салу» сұрауларын қабылдамайды. Пайдаланушы пайдаланатын үшінші тарап сервистерінің қандай да бірі «Бақылауға тыйым салу» сұрауларын қабылдайтынын  білу үшін олардың құпиялылық саясатымен танысыңыз.

Осы құпиялылық саясатындағы өзгерістер

Дербес деректер операторы өз Пайдаланушыларын осы бетте алдын ала хабардар ете отырып, кез келген уақытта осы Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізу құқығына ие. Беттің төменгі жағында көрсетілген соңғы өзгертілген күнге назар аудара отырып, осы бетті үнемі тексеріп отыруды ұсынамыз. Егер Пайдаланушы осы Құпиялылық саясатындағы қандай да бір өзгерістерге қарсылық білдірсе, онда Пайдаланушы осы Веб-сайтты пайдалануды тоқтатуға тиіс және Дербес деректер операторынан Дербес деректерді жоюды талап етуге құқылы. Егер өзгеше белгіленбесе, онда тиісті кезеңде қолданыста болатын Құпиялылық саясаты Пайдаланушылардың Дербес деректер операторында бар барлық Дербес деректеріне қатысты қолданылады.

Дербес деректер (немесе Деректер)
Жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға, мекемеге немесе қауымдастыққа қатысты кез келген басқа ақпаратқа, соның ішінде жеке сәйкестендіру нөміріне сілтеме жасау арқылы, тіпті жанама түрде сәйкестендірілетін немесе сәйкестендірілуі мүмкін кез келген ақпарат.

Пайдаланушы

Осы Веб-сайтты пайдаланатын Дербес деректерге қатысты Деректер субъектісіне сәйкес келетін немесе одан уәкілеттік алған жеке тұлға.

 

Деректер субъектісі

Дербес деректерге қатысты заңды немесе жеке тұлға.

 

Дербес деректерді өңдеуші (немесе Деректер әкімшісі)

Осы Құпиялық саясатына сәйкес Дербес деректерді өңдеуге Дербес деректеор операторы уәкілеттік берген жеке тұлға немесе заңды тұлға, мемлекеттік әкімшілік орган немесе кез келген басқа орган, қауымдастық немесе ұйым.

Дербес деректер операторы және Иеленуші
Astana International Exchange Limited.
Иеленушінің электронды поштасы: [email protected]

Осы Веб-сайт
Пайдаланушының Дербес деректерін жинау үшін қолданылатын аппараттық немесе бағдарламалық құрал.

Заңдық ақпарат
Бұл Құпиялық саясаты тек осы веб-сайтқа ғана қатысты. Басқа жеткізушілердің веб-сайттарына сілтемелерге бұл Құпиялық саясаты қолданылмайды.

«COOKIE» ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ САЯСАТЫ

«Сookie» файлдарын пайдалануымыз туралы ақпарат

Біздің веб-сайт Пайдаланушыны веб-сайтымыздың басқа пайдаланушыларынан ажырату және Пайдаланушыға контентке қол жеткізу үшін «cookies» файлдарын пайдаланады. Осылайша, біз Пайдаланушыға веб-сайтты шолу кезінде ең жақсы пайдалану ыңғайлылығын қаматамасыз етеміз, сондай-ақ ресурсымызды жақсартуға мүмкіндік аламыз.

Осы «Сookie» файлдарын пайдалану саясатында Пайдаланушы біз пайдаланатын «cookie» файлдары және оларды пайдалану мақсаттары туралы нақты және жан-жақты ақпаратпен таныса алады.

«Сookie» файлдары дегеніміз не?

«Сookie» файлдары — веб-сайттар браузерде жүктелген кезде Пайдаланушының компьютерінде немесе басқа құрылғысында сақталатын мәтіндік файлдарда сақталған деректердің шағын бөліктері. Мұндай файлдар бір рет кіру («сеанстық «cookie» файлының» көмегімен) немесе бірнеше рет қайталама кіру («тұрақты «cookie» файлының» көмегімен) үшін Пайдаланушыны және оның қалауларын «есте сақтауға» кеңінен қолданылады. Олар келушілердің сайтқа тұрақты және тиімді қол жеткізуін қамтамасыз етеді және жүйеде тіркелу мен кіру сияқты қажетті функцияларды орындайды. «Сookie» файлдарын Пайдаланушы кіретін сайт («cookie» негізгі файлдары») немесе веб-сайтта контентке қызмет көрсететін, жарнамалық немесе аналитикалық қызметтерді ұсынатын үшінші тараптар («бөгде «cookie» файлдары») орнатуы мүмкін.

«Сookie» файлдарын қалай пайдаланамыз?

Біз «cookie» файлдарын әртүрлі мақсаттарда пайдаланамыз. Кейбір жағдайларда «cookie» файлдары техникалық себептерге байланысты қажет; кейбір файлдар келушілер мен тіркелген пайдаланушылар үшін жекелеген интерфейсті ұсынуға мүмкіндік береді; басқалары жеке бөгде желілерден жарнамаларды көрсетуге мүмкіндік береді. Осындай «cookie» файлдарының бір бөлігі бет жүктелгенде немесе келуші белгілі бір әрекеттерді орындағанда орнатылуы мүмкін (мысалы, жарияланымдарға «ұнату» немесе «жазылу» бастырмасын басқан кезде).

Қазіргі уақытта AIX Веб-сайтымызды жетілдіру және Веб-сайтқа кіру мен оны пайдалануды қадағалау үшін тек аналитикалық мақсаттарда ғана «cookie» файлдарын жинайды.

Пайдаланушының келісімі

Веб-сайт «cookie» файлдарын Пайдаланушының «Келісу» бастырмасын басқанына немес баспағанына қарамастан жинайды.

Пайдаланушы біздің Веб-сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, Пайдаланушының біздің Веб-сайтты пайдалануын талдау мақсатында Пайдаланушының компьютеріне «cookie» файлдарын орналастыруымызға келіседі.

«Сookie» файлдарының түрлері

«Сookie» файлдары «тұрақты «cookie» файлдары» немесе «сеанстық «cookie» файлдары» болуы мүмкін. Бұл Веб-сайт тұрақты «cookie» файлдарын пайдаланады.

Тұрақты «cookie» файлдары — бұл веб-сервер арқылы веб-браузерге жіберілетін мәтіндік файл, ол арқылы біз (анонимді негізде) веб-сайтқа кірулер мен пайдалану анализін жинап, талдай аламыз, жүйені мониторингілей және жұмыс өнімділігін көтере аламыз — мысалы, Пайдаланушын үшін келесі жолы кіргендегі ыңғайлылықты жақсарту үшін оның қалауларын сақтау. Браузер жабылған кезде олар автоматты түрде жойылмайды, бірақ браузерде сақталады және жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін (егер пайдаланушы оларды осы жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін жоймаса) жарамды болады.

Төмендегі кестеде біз пайдаланатын «cookie» файлдарының толық тізбесі берілген. Бұл тізбе (және осы саясаттың қалған ережелері) кейде өзгертілуі мүмкін.

Cookie файлдарының санаттары Біз неліктен осындай «cookie» файлдарын пайдаланамыз?
Функционалдылық

«Функционалды» «cookie» файлдары пайдаланушының сайтқа кіру ыңғайлылығын жақсарта алатын қызметтерді көрсетуге немесе баптауларды сақтауға арналған. Кейбір «функционалды» «cookie» файлдарын пайдалану пайдаланушының Веб-сайт бойынша қозғалысын, қауіпсіз аймақтар сияқты негізгі функцияларды және мобильді қосымшаларды пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажет.

Функционалдық «cookie» файлдарын Пайдаланушы есептік жазбасын тіркеуді басқару, сондай-ақ жалпы әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланамыз. Әдетте, бұл «cookie» файлдары Пайдаланушы жүйеден шыққан кезде жойылады, бірақ жүйеден шыққаннан кейін Пайдаланушының қалаулары мен баптауларын есте сақтау үшін сақталуы мүмкін.

Қауіпсіздік Біз мұндай «cookie» файлдарын ықтимал қауіпсіздік тәуекелдерін анықтау және алдын алу мақсатында пайдаланамыз.
Аналитика және өнімділік

«Сookie»-дің «Пайдаланушылық» файлдары Пайдаланушының веб-сайттымызды пайдалануы туралы ақпаратты жинауға мүмкіндік береді (мысалы, Пайдаланушы қай беттерге кіретіні және Пайдаланушы қандай да бір қателерге тап болуы). Бұл «cookie» файлдары Пайдаланушыны сәйкестендіре алатын ақпаратты жинамайды және тек Веб-сайтымыздың жұмысын жақсартуға, Пайдаланушыларымыздың қызығушылық аясын түсінуге және контентіміздің қаншалықты тиімді екенін анықтауға көмектеседі.

Біз «Пайдаланушылық» «cookie» файлдарын мыналар үшін пайдаланамыз:

  • Веб-сайтымыздың пайдаланылуы туралы анонимді статистикалық деректерді құрастыру үшін веб-аналитика.
  • Қателерді жою, бұл орын алған қателерді бағалау арқылы Веб-сайт жұмысын жақсартуға көмектеседі.

Веб-сайтымызды пайдалану арқылы Пайдаланушы «пайдаланушылық» «cookie» файлдарын пайдалануға келіседі. Мұндай файлдарды қабылдау Веб-сайтты пайдаланудың шарты болып табылады және егер Пайдаланушы оларды қабылдамаса, біз Пайдаланушы үшін сайтымыздың дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік бере алмаймыз.

Бөгде «cookie» файлдары/ Кіріктірілген контент

Бұл веб-сайт сенімге ие үшінші тұлғалардың бөгде «cookie» файлдарын пайдаланады. Кейбір бөгде «cookie» файлдарын пайдалану Пайдаланушыға біздің веб-сайтта бір немесе бірнеше үшінші тұлға ұсынған контентке қол жеткізу үшін қажет. Бұған қоса, тартымды контентті ұсынуды жалғастыра алуымыз үшін осындай «cookie» файлдарының көмегімен Пайдаланушының Веб-сайтты пайдалануын, соның ішінде Пайдаланушының веб-сайтта қанша уақыт болғанын және Пайдаланушы кіретін парақшаларды бақылауға болады.

Осы Веб-сайтта пайдаланылатын бөгде «cookie» файлдарына «Google Analytics» та кіреді. «Google Analytics» — Пайдаланушының Веб-сайтымызды қалай пайдаланатынын және оның жұмысын қалай жақсартуға болатынымызды түсінуге мүмкіндік беретін Интернет ортасындағы кеңінен қолданылатын және сенімді аналитикалық шешім.

«Google Analytics»-тің «cookie» файлдары туралы қосымша мәліметтерді Google-дың анықтамалық парақшаларынан және Құпиялылық саясатынан қараңыз:

Google құпиялылық саясаты

Google Analytics анықтамалық парақшалары

AIX Веб-сайтының кибер- және ақпараттық қауіпсіздігінің бұзылуы айғағы анықталса немесе мұндай бұзушылыққа күдік туындаса, Пайдаланушы бұл туралы дереу электрондық пошта мекенжайына хабарлауы керек: https://aix.kz/contact/

Кері байланыс

«Сookie» файлдарын пайдалануымызға қатысты кез келген сұрақтарды https://aix.kz/contact/ бөлімінде көрсетілген ең қолайлы байланыс деректері бойынша жолдауға болады.