Облигациялар

МАҢЫЗДЫ: Алдын ала қарау кезінде құжаттардың электрондық нұсқалары электрондық пошта арқылы жіберілуге тиіс, ал құжаттардың түпнұсқалары ықтимал эмитент AIX Реттеу және Комплаенс департаментінің мақұлдауын алған кезде, AIX көрсеткен мекенжайға пошта арқылы жіберілуге тиіс екенін ескеріңіз.

Бағалы қағаздарды листингке және сауда-саттыққа жіберу үшін қажетті құжаттар тізімі:

Құжаттың атауы Нысаны Сипаттамасы Сілтеме
ӨТІНІШ БЕРУ
АІХ пен эмитент арасындағы келісім
1 AIX Листинг туралы алдын ала келісім Нысан қолжетімді
2 Листинг туралы келісім AIX қамтамасыз етеді
3 AIX-те листингке рұқсат беру туралы өтініш Нысан қолжетімді Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған MLR 17
4 Бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу туралы өтініш (статистикалық деректер нысанға қосымшада берілуі тиіс) Нысан қолжетімді Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған ADS 3.2.1
Басқа құжаттар
5 Уәкілетті тұлғалардың қол қою үлгілері бар карточкалар Нысан қолжетімді Апостильденген/нотариалды куәландырылған ADS 3.4.3 (2)
MLR 17.3.2
6 Уәкілетті тұлғаларға сенімхат Апостильденген/нотариалды куәландырылған ADS 3.4.3 (2)
MLR 17.3.2
7 Уәкілетті тұлғалардың тағайындалуын растау/қабылдау Нысан қолжетімді Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған MLR 1.2 (2)
ЭМИТЕНТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
АХҚО қағидалары бойынша талап етілетін құжаттар
8 Эмитенттің бенефициарларын анықтайтын меншік құрылымы (Акционерлер тізілімінен немесе қатысушылар тізілімінен үзінді көшірмені немесе ұқсас құжатты қоса алғанда) Өтініш берушінің мөрімен куәландырылған. AML 5.1.3 (a)
9 Директорлар Кеңесін және Басқарма (немесе Жарғыға сәйкес шешім қабылдауға жауапты тиісті органдарды) мүшелерін тағайындау туралы шешім Сканерленген көшірме MAR 2.2.2
10 Жоғары басшылықтың, түпкі бенефициарлық меншік иелерінің паспорттары/жеке куәліктері Сканерленген көшірме AML 6.3.1 (a)
11 Басқарма және Директорлар кеңесі (немесе Жарғыға сәйкес шешім қабылдауға жауапты тиісті органдардың) мүшелерінің түйіндемелері Сканерленген көшірме

MAR 2.2.4

MLR 6

Компания туралы ақпарат
12 Корпоративтік басқару кодексі (жария ұсынылған бағалы қағаздар үшін, бар болса) Өтініш берушінің мөрімен куәландырылған. MLR 2.1
13 Мүдделер қақтығысын реттеуге қатысты саясат (жария ұсынылған бағалы қағаздар үшін) Өтініш берушінің мөрімен куәландырылған. MLR 8.1
14 Ұйымдастыру құрылымы Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен расталған MAR 2.2
15 Тіркеу туралы куәлік Құжаттың сканерленген нұсқасы немесе егер жалпыға қолжетімді болса, құжатқа сілтеме MLR 3.1
16 Жарғы Өтініш берушінің мөрімен куәландырылған. MLR 3.1, ADS 3.3.1 (4)
17 Қабылданатын қаржылық есептілік (шаруашылық жүргізу құқығындағы компаниялар үшін алдыңғы бір жыл кезеңді және басқа компаниялар үшін — үш жылды қамтиды) және аудиттелген/аудиттелмеген аралық қаржылық есептілік (бұл қолданылатын жерлерде). Құжаттың сканерленген нұсқасы немесе егер жалпыға қолжетімді болса, құжатқа сілтеме MLR 4.1
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР БОЙЫНША АҚПАРАТ БАР ҚҰЖАТТАР
18

Проспект (жария орналастыру үшін)

Оферта құжаты (көтерме сауда облигациялары үшін) Қолжетімді бланк

Талапшарттар мен ережелер (босатылған облигациялар үшін)

Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен куәландырылған.

Prospectus Rules

MLR 16-1.2

MLR 17.2

19 Бағалы қағаздарды шығару туралы шешімі (ішкі заңнамаға және/немесе эмитенттің құрылтай құжаттарына сәйкес)  Сканерленген көшірме MLR 17.4.1 (8)
Жасыл Облигациялар үшін, жоғарыда көрсетілген талаптарға қосымша
20 Жасыл облигацияларға сыртқы шолу Қолжетімді бланк Рецензия берушінің қолы қойылған және мөрімен куәландырылған GRN 4.1 (d)
Сукук Облигациялары үшін, жоғарыда көрсетілген талаптарға қосымша
21 Тиісті Бағалы қағаздарды тексеруді жүргізген шариаттық Байқау кеңесі мүшелерінің нақтылықтары (біліктілік пен тәжірибені қоса) Өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен куәландырылған. MLR 22.3 (1) (a)
22 Бағалы қағаздардың шариат нормаларына сәйкестігіне қатысты шариаттық Байқау кеңесінің пікірі Өтініш берушінің мөрімен куәландырылған. MLR 22.3 (1) (c) (i)

Жауапкершіліктен бас тарту: АІХке беру талап етілетін немесе АІХке берілетін әрбір құжат ағылшын 

тілінде болуы тиіс немесе ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған (резидент еместер үшін 

апостильденген) аударма қоса берілуі тиіс. 

Барлық құжаттар листинг платформасы арқылы онлайн жіберілуі тиіс.

Барлық ұсынылған құжаттар қаралып, барлық құжаттардың «Астана» халықаралық қаржы орталығының және АІХ-тің қағидалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес келетіндігі АІХ тарапынан бекітілгеннен кейін, АІХ Өтініш берушіге Акцияларға нарықта баға белгілеу туралы келісімді орындау үшін береді, баға белгілеу басталғанға дейін оған қол қойылуы тиіс.

Тарифтер:

5 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі сома Алдын ала келісім жасасылғаннан кейін аванс түрінде төленуі тиіс. Мұндай аванстық төлем листинг критерийлеріне сәйкестікті бағалаудың нәтижесіне тәуелсіз қайтаруға жатпайды.

АІХ Сыйақылары Кестесінде  белгіленген листингтің қалған бөлігі Акцияларға нарықта баға белгілеу туралы келісімге сәйкес АІХ-тегі листингке іс жүзінде жіберілгенге дейін төленеді.