Есептік-клиринг қызметі

Пост-трейдинг инфрақұрылымы:

ЖАЛПЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Сауда-саттықтан кейінгі қызмет үшін AIX екі бөлек заңды тұлға құрды:

  • AIX жанындағы бағалы қағаздардың орталық депозитарийі (AIX CSD) – бұл АХҚО-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелген жеке компания, ол қолма-қол ақшамен күнделікті операциялар, бағалы қағаздар бойынша есеп айырысулар және депозитарлық қызмет үшін жауап береді. AIX CSD-тің АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) берген коммерциялық лицензиясы бар. AFSA сондай-ақ AIX жанындағы бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің реттеушісі ретінде әрекет етеді. AIX CSD АХҚО биржасының айрықша меншігі болып табылады.
  • AIX тіркеушісі (AIX Registrar) АХҚО заңнамасына сәйкес жеке компания ретінде тіркелген және АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) берген коммерциялық лицензияның иесі болып табылады. AIX тіркеушісі акционерлердің орталық тізілімін сақтайды және қолдайды.
  • Барлық күнделікті сауда-саттықтан кейінгі операциялық міндеттерді AIX мен AIX CSD арасындағы Инфрақұрылым, ресурстар және қызметтер туралы келісім негізінде Клиринг және есеп айырысу бөлімі жүзеге асырады.

    ОПЕРАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ

    Активтер класына байланысты, AIX түрлі есеп айырысу және депозитарлық модельдерді ұсынады. Барлық жағдайларда биржалық сауда-саттық бойынша есеп айырысу Т+2 негізінде жүргізіледі және әр түрлі валюталарда жүргізілуі мүмкін.

    • AIX барлық мәмілелері бойынша есеп айырысулар тікелей AIX жанындағы бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде жүргізіледі.
    • Халықаралық бағалы қағаздарға қатысты, бағалы қағаздардың орталық депозитарийіне қатысты депозитарлық қызметтерді Euroclear Bank S.A./N.V. ұсынады, бұл инвесторларға АХҚО орталық депозитарийінде бағалы қағаздарды алуға немесе халықаралық орталық депозитарийлерде биржадан тыс мәмілелерді жүргізуге мүмкіндік береді.
    • Ішкі қазақстандық бағалы қағаздарға келетін болсақ, AIX жанындағы Бағалы қағаздардың орталық депозитарийіне қатысты депозитарлық қызметтерді Алматы қаласындағы «Орталық депозитарий» АҚ (KACD) ұсынады.
    • Сонымен катар, AIX орталық контрагенттің қатысуымен және KELLER  Венгр орталық контрагенті мен ЕО реттеуіне сәйкес әрекет ететін KELER бағалы қағаздардың Орталық депозитарийімен әріптестікте клиринг туралы туралы келісімге қол қойды. Сәйкестік келісім бойынша, AIX жасалған сауда-саттық бойынша клиринг пен есеп айырысу ЕО-да жүргізілетін болады, ал алынған нәтижелер AIX жанындағы бағалы қағаздардың орталық депозитарийіндегі инвесторлардың шоттарында көрсетіледі.
    • Бағалы қағаздарды жабық орналастыру және пре-IPO бағалы қағаздар AIX тізіліміне енгізіледі.

    СЕРІКТЕС БАНКТЕР

    AIX ақша қаражатымен есеп айырысу жүргізілетін бірқатар коммерциялық банктермен ынтымақтасады. AIX жанындағы Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жаңа қатысушыларға ақша қаражатымен есеп айырысуды жүзеге асыратын банктер туралы ақпарат береді. AIX Қазақстаннан тыс жерде жұмыс істейтін нарық қатысушылары үшін аударымдарды тез өңдеуді қамтамасыз ету мақсатында серіктес банктердің санын арттыруға ұмтылатын болады.

    ТЕХНОЛОГИЯ

    AIX жанындағы Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі, сондай-ақ AIX Тіркеушісі және сыртқы интерфейстер сауда-саттықтан кейінгі инфрақұрылым мен қосымшалардың жаһандық жеткізушісі Avenir Technology негізінде жұмыс істейді.

    Avenir Technology туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз: http://www.avenir-technology.com/

    AIX жанындағы Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі да өз қатысушыларымен хабарлама алмасу үшін SWIFT желісін пайдаланады.

    CSD ережелері pdf
    CSD процедуралар pdf
    AIX CSD формалар pdf