AIX биржа платформасын 4-ші буынға жаңарту – 26 желтоқсан 2025 -Хабарлама №2 (22/10/2025)
FIX 5.0 SP2 және ITCH жаңа нұсқаларына қосылуға арналған тесттiк орта 29 қыркүйектен бастап қолжетімді.
Бұл AIX биржасының протоколдарында деректерді жіберу/қабылдау арналарды жаңарту үшін өз жүйелерін өзгертетін қатысушыларға арналған.
Бұл протоколдар ағымдағы дерек жіберу/қабылдау арналардан ерекшеленеді және жаңа функцияларды қолдау үшін жаңа жолақ/блоктарды қамтиды.
Жаңа FIX 5.0 SP2 және ITCH арналарды енгізүді ауысуды және өзгерту процесін дереу бастауды ұсынамыз, өйткені ағымдағы дерек жіберу/қабылдау арналарды (FIX) қолдау 2026 жылдың екінші тоқсанында тоқтатылады.
26 қарашадан бастап ағымдағы MCT FIX 5.0 SP1 каналының қайта әзірленген нұсқасын тестілеу қолжетімді болады, бiрақ MCT FIX 5.0 SP1 каналының қайта әзірленген нұсқасы қайта қаралуда және кейбір өзгерістер әлi де болуы мүмкін. Біз қатысушылардың MCT FIX 5.0 SP1 каналының қайта әзірленген нұсқасына, Биржаның қатысушыларының өзгерicсiз ауысуын қамтамасыз етуге тырысамыз, бірақ қазіргі және жаңа протокол нұсқаларының форматтары арасындағы айтарлықтай айырмашылықтарға байланысты кейбір өзгерістер анықталған. Анықталған ерекшелiктер тізімі AIX веб-сайтында (https://aix.kz/for—aix—trading—members) жарияланған және үнемі жаңартылып отырады. Сондықтан Биржаның қатысушыларының өз жүйелеріне тигiзер жасырын қателерді анықтау, соған байланысты өз жүйелеріне енгiзуге тиiстi өзгерicтi болжау және анықтау, биржалық операцияның тоқтап қалмауы үшін назар аударуды және ағымдағы жүйені мұқият тексеруді сұраймыз.
AIX биржа платформасын 4-ші буынға жаңарту – 26 желтоқсан 2025 -Хабарлама №1
Бұл маңызды жаңарту екі жаңа биржалық платформадағы деректер тарату арналарының іске қосылуын қамтиды:
- FIX 5.0 SP1 протоколына арналған жаңа шлюз.
- ITCH протоколына арналған жаңа шлюз.
Тестілеу:
Бұл жаңа протоколдарға арналған тест ортасы 2025 жылғы 29 қыркүйектен бастап қолжетімді.
Оқыту:
2025 жылғы қарашада AIX жаңа FIX 5.0 SP1 және ITCH протоколдарының артықшылықтарына арналған тренинг сессияларын өткізеді.
Қолданыстағы пайдаланушылар үшін іс-қимыл:
Қазіргі уақытта AIX MCT FIX Proxy (FIX 5.0 SP1 және одан төмен нұсқаларын) пайдаланатын қатысушылардан өзгерістер енгізу талап етілмейді. Дегенмен, егер AIX MCT FIX Proxy жаңартулары болса, олардың техникалық сипаттамалары 2025 жылғы 26 қарашаға дейін жарияланады және хабарланған күннен бастап Биржа қатысушылары міндетті түрде қайта тестілеу қажет.
Жаңартуды енгiзу барасында протоколдағы анықталған ерекшелiктер Биржа қатысушыларынан өз жүйесiне қосылатын протоколды жаңартуды талап етсе, бiз оны осы жазбаларда ескерудi жалғастырамыз.
Сұрақтарыңыз болса, systemupgrade@aix.kz хабарласуыңызды сұраймыз.