AIX ВЕБ-САЙТЫН ПАЙДАЛАНУ ҚАҒИДАЛАРЫ

МАҢЫЗДЫ: ПАЙДАЛАНУШЫ ОСЫ ҚАҒИДАЛАРДЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒУЫ КЕРЕК, СЕБЕБІ БҰЛ ҚАҒИДАЛАР ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ВЕБ-САЙТҚА КІРУІН ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУЫН РЕТТЕЙДІ. AIX ВЕБ-САЙТЫ ПАЙДАЛАНУШЫ ОСЫ ҚАҒИДАЛАРДАҒЫ БАРЛЫҚ ШАРТТАРДЫ ҚАБЫЛДАҒАН ЖӘНЕ КЕЛІСКЕН ЖАҒДАЙДА ҒАНА ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРЕДІ. ЕГЕР ПАЙДАЛАНУШЫ ОСЫ ШАРТТАРМЕН КЕЛІСПЕСЕ, ПАЙДАЛАНУШЫҒА ВЕБ-САЙТҚА КІРУГЕ НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУШЫ ОНЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ДЕРЕУ ТОҚТАТУЫ ТИІС. ВЕБ-САЙТ ОНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ КЕЗ-КЕЛГЕН ТҮРДЕГІ ҰСЫНЫСТАРСЫЗ, КЕПІЛДІКТЕРСІЗ НЕМЕСЕ КЕЛІСІМДЕРСІЗ «СОЛ КҮЙІНДЕ» ҰСЫНЫЛАДЫ. AIX ВИРУСТАРДЫҢ НЕМЕСЕ БАСҚА БӨГДЕ КЕДЕРГІЛЕРДІҢ НЕМЕСЕ БҮЛДІРУШІ ҚАСИЕТТЕРДІҢ БЕРІЛМЕЙТІНІНЕ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒЫСЫНА ЗАҚЫМ КЕЛТІРІЛМЕЙТІНІНЕ КЕПІЛДІК БЕРЕ АЛМАЙДЫ. ОСЫНЫҢ САЛДАРЫНАН ПАЙДАЛАНУШЫНДА ТУЫНДАУЫ МҮМКІН КЕЗ КЕЛГЕН ЗАЛАЛ ҮШІН AIX ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.

АНЫҚТАМАЛАР

Осы Қағидаларда тақырыптар тек пайдаланудың ыңғайлылығына арналған және Қағидаларды түсіндіру немесе талдау кезінде назарға алынбауға тиіс.

«АХҚО» «Астана» халықаралық қаржы орталығын білдіреді;

«AIX» АХҚО заңнамасына сәйкес тіркелген, веб-сайттың иесі Astana International Exchange Limited жеке компаниясын білдіреді;

«қолданылатын құқық» немесе «АХҚО заңдары» «Астана» халықаралық қаржы орталығының енгізілген өзгерістермен қолданыстағы құқығын білдіреді;

«Құрылғы» пайдаланушы веб-сайтқа кіре алатын электрондық жабдықты білдіреді;

«Қағидалар» осы Пайдалану қағидаларын білдіреді;

«пайдаланушы» веб-сайтқа кірген және оны пайдаланатын адамды білдіреді;

 «веб-сайт» осы Қағидаларға сәйкес aix.kz-ті білдіреді.

Құпиялылық және қауіпсіздік

Пайдаланушы AIX қандай деректерді, қалай және қандай мақсатта жинайтынын, пайдаланушының жеке деректерін өңдейтінін және пайдаланушы оны қалай басқара алатынын түсінуі маңызды. Бұл Веб-сайттың құпиялылық саясатында толығырақ  сипатталған.

САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ

1.1. Осы арқылы AIX пайдаланушыға веб-сайтты дербес пайдалануы үшін пайдалануға айрықша емес, берілмейтін, кері қайтарып алу құқығын береді.

1.2. Веб-сайтқа кіру және пайдалану кезінде пайдаланушы мыналарды жасамайтынымен келіседі:

1.2.1 веб-сайтты немесе оның кез келген бөлігін өзгерту, түрлендіру немесе бейімдеу;

1.2.2 веб-сайтқа бекітілген немесе ондағы кез келген авторлық құқық туралы хабарламаны жою немесе өзгерту;

1.2.3 декомпиляциялау, реконструкциялау, бастапқы кодты алуға тырысу, контентке немесе оның кез келген бөлігіне негізделген туынды жұмыстарды жасау немесе өзгерту;

1.2.4 біреудің кейпіне ену немесе жалған атты не пайдаланушының пайдалануға құқығы жоқ атты қолдануы немесе жалған жеке адамды немесе электрондық пошта мекенжайын жасау немесе жеке басы не веб-сайтты пайдалану кезінде ұсынылған кез келген басқа ақпарат немесе фактілер туралы адастыруға тырысу;

1.2.5 пайдаланушы иелік етпейтін немесе лицензияланбаған бағдарламалық жасақтаманы немесе басқа материалдарды, деректерді немесе ақпаратты қамтитын файлдарды ұсыну немесе жүктеу немесе олардың алдын ала келісімінсіз басқа адамдар туралы ақпарат жинау;

1.2.6 зиян келтіру, веб-сайтқа кіруге кедергі жасау немесе бұзу немесе сайттың функционалдығын үзу немесе нашарлатуы мүмкін әрекеттер жасау;

1.2.7 веб-сайтты коммерциялық немесе іскерлік мақсатта пайдалану, веб-сайттың кез келген бөлігін немесе сипаттамасын қайта сату немесе коммерциялық пайда алу;

1.2.8 жала жабатын, қорлайтын, авторлық құқықты бұзатын, әдепсіз, тәртіпсіз немесе өзге де заңсыз немесе қажетсіз материалдарды немесе ақпаратты жариялау, орналастыру, тарату, жіберу немесе өзге де жолмен беру;

1.2.9 вирустар, қателер, бүлінген деректер, «троян атын», «құрттарды» немесе кез келген басқа зиянды бағдарламалық жасақтаманы қамтитын кез келген материалдарды немесе файлдарды қолжетімді ету, жүктеу немесе кез келген жолмен тарату;

1.2.10 веб-сайтқа немесе веб-сайт арқылы қолжетімді файлдардағы басқа материалдарға немесе ақпаратқа меншік құқығын бұрмалау;

1.2.11 веб-сайтқа, басқа қызметтерге, компьютерлік жүйелерге немесе желі аймақтарына кез келген тәсілмен рұқсатсыз қол жеткізу немесе қол жеткізуге тырысу;

1.2.12 веб-сайтты вирусты немесе зиянды кодты сақтау немесе беру үшін пайдалану;

1.2.13 веб-сайтты қажетсіз электрондық хаттарды жіберу немесе спам тарату үшін пайдалану;

1.2.14 веб-сайттағы және/немесе ондағы қолжетімді мазмұндағы деректерді іздеу, алу немесе талдаудың кез келген түрін машиналық оқыту немесе басқа мақсаттар үшін пайдалану.

1.3. Пайдаланушы мыналарды мәлімдейді және оларға кепілдік береді:

1.3.1 веб-сайтты жеке мақсатта пайдалана алатындығына;

1.3.2 пайдаланушы веб-сайтты пайдалану үшін, сондай-ақ пайдаланушының тиісті міндеттемелерін орындау үшін қажетті кез келген және барлық әрекеттерді орындауға міндеттенетініні;

1.3.3 веб-сайтты пайдалану бұзушылық болып табылмайтынын және қандай да бір қолданылатын заңдардың бұзылуына әкеп соқтырмайтындығын;

1.3.4 пайдаланушы осы Қағидалармен және , Құпиялылық және cookie файлдарын пайдалану саясатымен мұқият танысқанын және онда көрсетілген барлық талаптарды қабылдайтынын әрі барлық міндеттемелерді сақтауға міндеттенетініне кепілдік береді.

1.4. Жеке тұлғаға көшіруге берілген рұқсат материалды немесе оның кез келген бөлігін кез келген жұмысқа қосуға немесе кез келген нысанда жариялауға мүмкіндік бермейді.

2 ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК

2.1 Барлық құқықтар, соның ішінде авторлық құқықтар және веб-сайттағы дерекқорға және оның мазмұнына қол жеткізу құқығы AIX-ке тиесілі немесе AIX үшін лицензияланған немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес AIX басқада заңды жолдармен пайдаланылады.

Пайдаланушы осы веб-сайтта қолжетімді барлық контент, материалдар мен бастапқы код авторлық құқықпен, сауда белгілерімен, патенттермен, коммерциялық құпиямен немесе зияткерлік меншік саласындағы басқа құқықтармен және заңмен қорғалғанын мойындайды және келіседі.

3 САЙТТЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ

3.1 Веб-сайтқа кіруді қамтамасыз етуге арналған AIX-тің ақылға қонымды күш-жігерін назарға ала отырып, AIX веб-сайт қызметтеріне қолжетімділік бере алмағаны немесе нормаға сәйкес келмейтін және қарсы тұрудың барлық әрекеттеріне қарамастан оның салдары сөзсіз туындайтын оның бақылауынан тыс күтпеген мән-жайлар кесірінен Қағидалардың ішінара немесе толығымен сақтамалмағаны үшін жауапты болмайды. Бұған желінің ақаулықтары, байланыстың жоғалуы немесе қолжетімділікке қатысты басқа проблемалар кіреді, бірақ олармен шектелмейді. AIX қандай-да бір ақаулықтар, үшінші тұлғалардың веб-сайттың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін жауапты емес. Веб-сайттағы Жауапкершіліктен бас тартуды қараңыз.

3.2 AIX веб-сайттың қауіпсіздігін, құпиялылығын және тұтастығын, оның деректерін және пайдаланушының құпиялылығын ақпараттық технологиялар қауіпсіздігін және қосымшалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері арқылы қорғауға бар күшін салады. Веб-сайттың қолданылуы туралы мәлімдемені қараңыз.

4 АҚПАРАТ ЖӘНЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК

Пайдаланушы туралы ақпарат және киберқауіпсіздік жөнінде міндеттемелер

4.1 Пайдаланушы веб-сайттың дұрыс пайдаланылмауының алдын алуы үшін барлық ақылға қонымды шараларды қабылдауы керек.

4.2 AIX әлеуметтік инженерия шабуылдарына қарсы тұра алатындай деңгейде пайдаланушымен коммуникация жасайды.

4.3 Пайдаланушыдан құпия сөздер сұралмайды, сонымен қатар пайдаланушыға қауіпсіздікке қатысты қандай да бір сілтемелерге өту ұсынылмайды. Егер пайдаланушы біреуден (тіпті ол AIX атауы мен логотипін пайдаланса және шын болып көрінсе де) мұндай сұрауды алса, онда бұл сұрау алаяқтық болуы мүмкін және пайдаланушы ешқандай жағдайда оларға өзінің қауіпсіздік деректерін бермеуі керек. Сонымен қатар, пайдаланушы кез-келген осындай сұраулар туралы AIX-ке дереу хабарлауы тиіс.

Қауіпсіздік бұзылған жағдайда не істеу керек?

4.4 Егер пайдаланушы веб-сайтпен ба            йланысты кибер және ақпараттық қауіпсіздік оқиғасын анықтаса немесе мұндай жайт жөнінде күдік туындаса, ол дереу мәліметтерді [email protected] электрондық пошта арқылы хабарлауы керек.

5 ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ

5.1 Осы Қағидалар қандай да бір бірлескен немесе бөлек жауапкершілікті көздемейді және пайдаланушы осы Қағидаларға және оларда көрсетілген тиісті заңды келісімдерге сәйкес әрекет ететін AIX пайдаланушы атынан жасаған әрекеттері мен міндеттемелері үшін жеке-дара жауапты болады.

5.2 Осы Қағидалардағы ешнәрсе ұқыпсыздық немесе алаяқтық үшін ешкімнің жауапкершілігін немесе заңға сәйкес оны алып тастауға немесе шектеуге болмайтын шамада кез келген басқа жауапкершілікті қандай да бір жолмен шектемеуі немесе жоққа шығармауы тиіс.

6 КОММУНИКАЦИЯЛАР

6.1 Пайдаланушы веб-сайтты онлайн режимінде пайдалануды жалғастыра отырып, ол веб-сайт Қағидаларымен келіседі және келісімге қол қойғандай дәрежеде өзіне құқықтық міндеттемелерді жүктейді. Осы Қағидалардың электрондық нұсқаларын және осы құжатта сілтемелері бар басқа да құжаттарды пайдалану оларды пайдаланушыға жазбаша нысанда беру жөніндегі кез келген талаптарды толық қанағаттандырады. Пайдаланушы электронды құралдар арқылы AIX және оның еншілес компанияларымен деректер алмасуға келіседі.

7 ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІ

7.1 Веб-сайтта үшінші тарап веб-сайттары немесе платформалары болуы мүмкін («Үшінші тарап қызметтері»). Үшінші тарап қызметтерін пайдалану осы үшінші тарап қызметіне қолданылатын шарттармен реттеледі. AIX Үшінші тарап қызметтеріне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды немесе кепілдік бермейді және Үшінші тарап қызметтерін пайдаланумен байланысты кез келген жауапкершіліктен тікелей бас тартады.

8 ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

8.1 Осы Қағидалар «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – «АХҚО») қолданыстағы құқығына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі.

8.2 Осы Қағидалар бойынша міндеттемелерді орындау барысында қандай да бір даулар туындаған жағдайда пайдаланушы және AIX дауларды сотқа жүгінбей-ақ шешу үшін күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеді. Егер пайдаланушы мен AIX келісімге келмесе, кез келген дау осы Қағидаларға сәйкес немесе соған байланысты алдымен төрелік және делдалдық қағидаларына сәйкес Халықаралық төрелік орталыққа («ХТО») қарауға берілуі мүмкін. Шешілмеген даулар АХҚО сотының регламенті мен қағидаларына сәйкес АХҚО сотының қарауына берілуі және түпкілікті шешілуі тиіс.

8.3 Пайдаланушы залалды өтеудің өзі осы Қағидаларды белгілі бір бұзушылықтардан құқықтық қорғаудың жеткіліксіз құралы болуы мүмкін екенін мойындайды және келіседі. Осылайша, AIX осы Қағидаларға қауіп төнген немесе нақты бұзылған жағдайда әділеттілік құқығы бойынша сотпен тыйым салуға, нақты орындауға немесе басқа да қорғау құралын қолдануға құқылы.

9 ҚАҒИДАЛАРДЫ ӨЗГЕРТУ

9.1 AIX заңнамадағы немесе озық практикадағы өзгерістерді көрсету немесе AIX енгізген қосымша мүмкіндіктермен жұмыс істеу немесе басқа мақсаттар үшін алдын ала ескертусіз және пайдаланушының келісімінсіз осы Қағидаларды кез келген уақытта өзгерте алады. Пайдаланушы AIX енгізген кез келген өзгерістер туралы хабардар болу үшін осы Қағидаларды үнемі тексеріп отыруға міндетті. Егер Пайдаланушы осы веб-сайтқа кіруді жалғастырса, онда оны пайдалану Пайдаланушының аталған өзгерістерді қабылдағанын және жаңартылған Қағидаларды сақтауға келісетінін білдіреді. Егер пайдаланушы мұндай өзгерістермен келіспесе, оларды қолдануды дереу тоқтатуы керек.

Кері байланыс

Сайт бойынша кез келген сұрақтарды Коммуникациялар департаментіне [email protected] электрондық пошта мекенжайы бойынша жіберуге болады.