1. Бас бет
  2. Жанар Акжанова

Жанар Акжанова

Нарықпен және оның қатысушыларымен жұмыс жөніндегі департамент директоры

Жаңа көкжиектерді ашу

АХҚО органдарында жұмыс істегенге дейін менің «үлкен төрттікте» –  дублиндік Ernst&Young кеңсесінде, содан кейін «Бәйтерек» ҰБХ-ның Астанадағы еншілес құрылымында жұмыс істеу тәжірибем бар болды. 2016 жылы АХҚО-ның құрылатыны туралы хабарланғанда, осында – өршіл міндеттер қойып, жаңа көкжиектер ашатын жаңа ұйымда жұмыс істеу мені қатты қызықтырды, сондықтан да мен жұмысты интерн позициясынан бастауға әзір болдым. 

Біз шағын ұжым болып бастадық және де бұл ең өнімді, ең күрделі, бірақ ең көңілді де уақыт еді. Біздің сөйленетін сөздердің тезистері мен презентациялар дайындаудан бастап серіктестермен және мердігерлермен көліссөздер жүргізуге дейін – бәрін істеуімізге тура келді. «Субординация» деген түсінік жоқ-тұғын. Жұмыс күнделікті қайнап жатты, көптеген мәселелерді осы жерде және тап қазір шешуге тура келді, сол себепті  біз директорлармен де, басқарушы директорлармен де тең қарым-қатынаста болдық. Біз бәрі де ашық ортаға салынатын жанұя іспетті болдық. 

Қазір процестер жолға қойылған, ал ол кезде, ең басында, біз өзімізді оқдәрі толы бөшке үстінде отырғандай сезіндік, кез келген нәтижеге дайын болдық. Күйзелістік жағдайлар өте көп болды, бірақ біздер бір-бірімізге барынша қолдау көрсетуге дайын едік. Ең жағымдысы – мен дәл осы жерден жаңа достарымды таптым, біз олармен оттан да, судан да бірге өттік. Біздің командамызда жұптардың пайда болғаны да сол кез, олар бақытты отбасын құрып, АХҚО-да жұмыстарын жалғастырды.  

Қанша өкінішті болғанымен, Қазақстанда қор нарығы әлі де өте әлсіз дамыған, халықтың қаржылық сауаттылығы төмен деңгейде. Шынымды айтсам, осы салада жұмыс істей бастағанымда, мен үшін «биржадағы сауда-саттық», «бағалы қағаздарға инвестициялау» алыс та, түсініктіз нәрселер болған. 

Сонымен қатар, қор нарығы орнында тұрған жоқ, жаңа үрдістер пайда болуда және әрқашан да жаңа лепке ілесе алу керек. Үнемі жаңа жобалар туындап отырады, оларды іске асыру тәсілдерін біз бірге іздестіреміз. Мұндай күрделіліктер оқып-үйренуге, өз машықтарыңды дамытуға қозғау салады. Маған букбилдингтер, ІРО мен крос-листингтер ұйымдастыруға қатысу ұнайды. Цифрлармен жұмыс істегенді, талдау жұмыстарымен айналысқанды жақсы көремін.  

Бүгінгі таңда елдегі ахуал өзгеруде, адамдар өз жинақтарын сақтаудың және көбейтудің баламалы тәсілдеріне көптеп қызығып, биржаның қалай жұмыс істейтінін және оның қандай мүмкіндіктер беретінін зерделей бастады. Биржадағы орналастырулардың арқасында қазақстандық бизнес – «көгілдір текшелер» – қазақстандықтар үшін қолжетімді болып келе жатыр, сондықтан ұлттық байлықтан, ресурстардан әркім өз үлесін ала алады. Және де АІХ жұмысының арқасында мұндай мүмкіндіктер күн өткен сайын көптеп пайда болуда. Біздің міндетіміз – Орталық Азиядағы қаржылық хабқа айналу және біз осыған қарай жоспарлы түрде алға басып келе жатырмыз. 

Маған АІХ басшылығының биржа жұмыскерлеріне өте демократияшылдықпен қарауы ұнайды. Қандай болмасын идея қошеметтеледі және біреу айыптайды немесе сынап-мінеп тастайды деген қорқыныш жоқ. Әр қызметкердің дауыс беру құқығы бар. Бұл өте жақсы топтастырады. Бізді бірыңғай командалық рух, ортақ мақсаттар мен құндылықтар біріктіреді. 

Біздің ұжымымыз шылы шырайлы, біз жаңа адамдарды қуана қабылдаймыз. Бастысы – ашық, көпшіл болу, «ақылсыз» сұрақтар беруден қорықпау. Іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай сұрақтар болмайды – бізде тек жұмыс процесінде ғана білуге болатын жайттар өте көп. 

Және ең бастысы – жаңа нәрселерден қорықпау көрек. Мұнда сізге қолдау көрсетіліп, барлық жағдайларда көмек берілетініне сенімді болуға болады.