1. Бас бет
  2. Жәмилә Жақып

Жәмилә Жақып

Нарықты дамыту департаментінің бас менеджері

Консалтингтен Big Data-ға. Қаржы саласында өз орныңды қалай табуға болады

Үйреншікті қызмет саласын айырбастап, өз өзіңді тегеурінге салу – оңай міндеттердің бірі емес. Жолайрыққа жеткен тұста, адам абдырап қалады. Бірақ көбінесе өзіңді өзің табуға біреудің басынан кешкен оқиғалардың көмегі тиеді. Біздің материалымыздың кейіпкерлерінікі сияқты.   

Декрет – тұлғалық өсу уақыты

Мен Назарбаев Университетті 2016 жылы тәмамдадым, мамандығым – экономика. Төртінші курста мен McKinsey оферін алдым да, екі жылымды сонда өткіздім, кейін декретке шықтым. Жұмыс істеген уақытымда менің әртүрлі индустрияда жобаларым болды, алайда мен олардың біреуін таңдап алуым керектігін түсінетінмін, өйткені әр нәрсені аздап білу – бұл менің жолым емес. Мен үшін корпоративтік қаржы және қаржылық модельдер әзірлеу өте қызықты екенін түсіндім және магистратураға түсуге бел будым. 

Мен Назарбаев Университеттің бизнес-мектебінде MSF бағдарламасының алғашқы тобы бітіріп шыққалы тұрғаны туралы естіп білдім. Онда бакалавриатта меніміне бірге оқыған балалар көп еді.  Олардың бәріне бағдарлама ұнағанын есту мені қуандырды. Олар пән туралы, профессорлардың жоғары деңгейі жөнінде және бұл бағдарламаның қолайлы әрі өмірде қолдануға келетінін туралы айтты. 

Жүктілігімнің жеті айлығында мен GMAT тапсырып, конкурстық іріктеуден өттім. Оқуды қызым үш айға толғанда бастадым. Бірақ мен оқып жүргендердің ішіндегі жалғыз ана емес едім, менің курстасымның 9 айлық баласы бар болды. Ал МВА бағдарламасында тіпті жанұялық жұп та оқыды, олардың балалары 3-4 айлық еді. Алайда барлығымыз да ойдағыдай оқып шықтық. 

Қызыммен бірге магистратурада оқу 

Магистратурада мен өзім іздегендей өте көп білім алдым. Мен кішкентай балам бар болған соң, маған жеңілдіктер жасалатын шығар деп ойладым (күледі). Бірақ өте күрделі болды. Мен сабақта алты сағаттан аса болған кездерімде, жұбайым мен анам қызымды алып келіп аулада жүрді, онымен үзіліс кезінде кездесетінмін. Сондықтан ол да менімен бірге магистратураны бітірді! Келешекте қызым қаржыгер болса, таңданбаймын.  

Бағдарламамен қатар мен Chartered Financial Analyst Level сертификатына тест тапсырдым (қаржы талдаушылар үшін ең беделді халықаралық сертификаттардың бірі). CFA – таза теория, ал MSF-та біз  әртүрлі – Python, SAS, SQL тілдерінде өте көп кодтадық. Дәл біздің ағымымызда әкімшіліктің digital-бағытқа бет бұруды ойластырғаны тамаша болды. 

Бізде екі резидентура бар болды – бірі Алматыда Ұлттық банкте, екіншісі – Лондондағы Cass Business School. Ұлттық банкте болғанымызда, бізге Азат Өскенбаев сабақ берді, ол қазір төлем теңгерімі департаментін басқарады. Біз дәл сол кезде макроэкономика курсын аяқтаған болатынбыз, ол бізге мұның не екенін нақты кейстарда көрсетті. Бұл өте әсерлі дәрістер болған еді. 

AIX-тегі мансап 

Қазақстанда қаржыгерлер үшін нағыз қызықты жобалар бар орындар аса көп емес.  Мен қаржы әлеміне тереңдеп, бағалы қағаздар қалай құрылымдалатыны туралы білгім келді. Сондықтан мен Astana International Exchange-ге өтініш беріп, оларға биылғы ақпан айында қосылдым. АІХ миссиясы – Қазақстанда белсенді капиталды дамыту. Биржада осы миссияның шеңберіндегі әлеуметтік бағытталған, елдегі қаржылық сауаттылықты дамыту, бөлшек сауда инвесторлары мен эмитенттердің санын арттыру көзделген жобалар көп.  

Менің биржадағы ең қызықты жобам – бөлшек сауда инвестицияларына арналған Tabys мобильді жобасын іске қосу. Ағымдағы ахуалды ескере отырып, болашаққа арнап қаражат жинау және ұзақмерзімді келешекте жиналымдардан банк депозитімен салыстырғанда анағұрлым елеулі табыс алу өте маңызды болып табылады.  

Forbes.kz мақаласын толығымен мында оқуға болады.