Thomas Murray АІХ-тің орталық депозитарийінің рейтингін «А»-дан «А+»-ке дейін «Тұрақты» болжамымен көтерді

09 Тамыз 2022

Бүкіл әлем бойынша саудадан кейінгі және кастодиандық тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыратын Thomas Murray компаниясы АІХ Орталық бағалы қағаздар депозитарийінің (AIX CSD) тәуекелдерін екінші бағалауды жүргізуін аяқтады және «А+» жаңа бағасын берді, бұл «Төмен тәуекел» дегенді білдіреді.

«А+» кешенді рейтингі «тәукелдің сегіз бөлек компонентінің орташа өлшемделген мәнін көрсетеді және «Тұрақты» болжамымен тәуекелге ұшырағыштықтың төмен бейінін білдіреді». Бұл бағалау AIX CSD-ді Thomas Murray  қамтитын еуразиялық Орталық депозитарийлер үшін орташадан жоғары деңгейге (ВВВ) және Тынық мұхиты Орталық депозитарийлері үшін орташа болып табылатын деңгейге (А+) қояды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясымен 2018 жылғы қарашадан бастап АІХ-те сауда-саттық басталған сәттен бері, AIX CSD мен оның негізгі компаниясы Astana International Exchange (AIX) қарапайым, инновациялық және салыстырмалы түрде қауіпсіз және тиімді бастамалар арқылы оның нарыққа қатысушыларының  қажеттіліктерін қанағаттандыратын модельді іске асыру бойынша жұмыс істеп келеді.

2022 жылғы наурызда бағалау өткізу сәтіне нарықтық белсенділіктің көлемінде биржалық операциялар басым болды, ал есеп айырысулар клиринг қатысушылары ретінде болып табылатын негізгі брокерлердің қатысуымен жүргізілді. Кастодиан банктердің қатысуымен есеп айырысу моделі, бұл механизм шеңберінде жүзеге асырылатын операциялар көлемі әлі де шамалы болғанымен, енгізілді.

AIX CSD пайдаланатын модель есеп айырысу процесіне қатысу үшін активтерді депозиттеу алды тәуекелін шектейді немесе жоққа дерлік шығарады. Бұл есеп айырысуларды жүргізбеу жағдайларына арналған, уақтылы емес жеткізу немесе активтердің жоқ болуы нәтижесінде туындайтын өтімділіктің шектелуіне қатысушылардың ұшырағыштығын төмендетуге бағытталған уағдаластықтармен күшейтіледі. Ендігі жерде бірнеше есеп айырысу банктерін пайдалану мүмкіндігі бар болғанымен, есеп айырысулар процесі бұрынғыша «коммерциялық банктерді» пайдаланумен жүзеге асырылады. Сауда-саттық пен есеп айырысу көлемдері әлі де бірнеше қатысушыда шоғырланған, бұл, болжанып отырғандай,  нарық дамыған сайын өзгереді.

AIX CSD номиналды ұстаушы тұжырымдамасы толық мойындалатын және клиенттердің активтерін қорғау үшін сенімді негіз беретін құқықтық ортада жұмыс істейді. Орталық депозитарийдің қағидалары мен тәртіптері шоттарды жекелеген клиенттер деңгейінде бөлуге жол береді және қатысушылар мен клиенттердің активтерін бөлуді көздейді. Оқиғалар саны әлі де біршама аз болғанымен, депозитарийде қарапайым корпоративтік іс-әрекеттерге арналған процестер мен бақылау құралдары қолданылады.

AIX CSD-ның қаржылық, операциялық және басқарушылық тәуекелдерін және мөлдірлік тәуекелдерін бағалаған кезде Орталық депозитарий қызметінің сипаты мен оның АІХ-ке күшті тәуелділігі ескерілді. Депозитарий Орталық депозитарийдің базалық қызметтерін ұсынады, ал оның операциялық функциялары АІХ-ке аутсорсингке берілген. Орталық депозитарийдің өтелмеген берешегі жоқ және ақшалай қаражат нысанында жеткілікті өтімді таза капиталы бар, алайда бұл капитал соңғы екі жылда әлсіреуде. Солай болғанымен де, кіріс көздері әртараптандырылды, бұл депозитарийге өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесе алар еді. AIX CSD қызметі АІХ-тің бас сақтандыру полисімен жабылады.

АІХ-тің операциялық қызмет үшін және форс-мажор жағдайында қалпына келтіру үшін бұлттық технологияларды пайдалану инновациялық тәсілдемесіне  резервтік желілік ресурстармен қолдау көрсетіледі. АІХ-тің ақпараттық және киберқауіпсіздік саласында сертификатталған бақылау құралдары бар, олар халықаралық стандартарға сәйкес келеді. Бұдан басқа, AIX CSD өзінің басқару механизмдерінің жақсарғанын көрсетті. Оның ішінде, пайдаланушылардың  ресми тобын/комитетін енгізу және оның жоспарлы қызмет атқаруы өз қатысушыларының қажеттіліктерін түсіну үшін және оларды қанағаттаныруға арналған құралдар мен тетіктер әзірлеу үшін маңызды қадам болып табылады. Алайда тәуелсіз директорлардың қатысуымен басқарылатын тиімді, кемел компания үшін қажет қалаулы нәтижелерге жету үшін пысықтауды талап ететін тұстар да бар.

Джим Миклетуэйт, директор, Thomas Murray операциялық бөлімінің басшысы:

«Thomas Murray компаниясы AIX CSD тәуекелдерінің жалпы бағалануы жоғарылағанын хабарлауға қуанышты. Бағалау AIX CSD ең жоғары стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге және әлі де қалыптасу үстіндегі нарық пен юрисдикцияда қауіпсіз және тиімді пост-трейд инфрақұрылымды  ұстап тұруға бағытталған күш салғанын мойындайды. Біз нарық өскен сайын AIX CSD-ның жетіле түсуін және үздік халықаралық іс-тәжірибені енгізуін бақылауымызды жалғастыратын боламыз».

AIX CSD бас директоры Аяна Қасымхан:

«Біз осындай прогреске қол жеткізгенімізді және нарықтың жалпы тәуекелдерін басқаруда айтарлықтай жақсартуларға жеткенімізді мақтан тұтамыз. Біз операциялық тиімділікті арттыратын үздік халықаралық іс-тәжірибені енгізу бойынша тұрақты жұмыс атқарудамыз, көрсетілетін қызметтердің жылдамдығын жақсартатын, мүмкін болған тұстарда шығындарды төмендететін және нарық қатысушылары мен инвесторлардың мүдделерін қорғайтын технологияларды пайдаланамыз. Рейтинг біздің клиенттеріміз үшін сенімді және қауіпсіз депозитарлық қызметтер ұсынылатынын және үздік нәтижелерге жетуге және реттеушінің талаптарына сәйкес болуға ықпал ететін жаңа модельдердің жасалатынын кепілдендіру үшін тәуекелдерді бағалау үздіксіз процесінің бір бөлігі болып табылады»

Орталық депозтарийдің рейтингі инвесторлардың орталық депозитарий іске асыратын және бағалы қағаздарды қауіпсіз сақтау мен есепке алуды қамтамасыз етуге, сонымен қатар мәмілелер бойыша уақтылы есеп айырысу мен клирингті жүзеге асыруға бағытталған процестердегі тәуекелдердің деңгейін бағалау туралы ақпарат алуларына мүмкіндік береді. Бағалау кезінде тәуекелдердің 8 негізгі түрі ескеріледі. Рейтинг берген кезде пайдаланылатын әдіснамада депозитарийдің операциялық қызметінің тиімділігі мен сапасы, сол сияқты оның өз клиенттерінің ықтималды залалдарын бодырмауға қабілеттілігі мен дайындығы ескеріледі.  Рейтингтің шеңберінде сондай-ақ депозитарий көрсететін қызметтердің спектрі мен сапасы да бағаланады. Рейтингтерді анықтау шкаласы халықаралық рейтингтер шкаласына сәйкес келеді: ААА-дан С-ға дейін. Рейтинг берілген сәттен бастап Тhomas Murray депозитарийдің қызметіне тұрақты мониторингті жүзеге асырады.

Thomas Murray депозитарийлердің тәуекелдерін бағалау қызметтерінің шеңберінде бүкіл әлем бойынша 140-тан аса Орталық депозтарийді бағалауды жүзеге асырады.

Thomas Murray есебінің толық мәтіні сұрау бойынша қолжетімді.

Анықтамалық ақпарат:

AIX биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  – жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығыпақ: www.aix.kz

AIX CSD – АХҚО-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелген, қолма-қол ақшамен күнделікті операциялар, бағалы қағаздар бойынша есеп айырысулар және депозитарлық қызмет үшін жауап беретін жеке компания. AIX CSD-ның АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) берген коммерциялық лицензиясы бар. AFSA сонымен қатар АІХ жанындағы Орталық бағалы қағаздар депозитарийінің Реттеушісі ретінде қызмет атқарады. AIX CSD АІХтің айрықша меншігі болып табылады.

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. https://www.aifc.kz/

Thomas Murray – жаһандық бағалы қағаздар нарығына маманданған, тәуекелдерді бағалау, тәуекелдерді басқару және зерттеулер бойынша маманданған компания. Thomas Murray 1994 жылы құрылған. Компания бүкіл әлем бойынша 320 депозитарийді бақылайды және талдайды және 140-тан аса орталық депозитарийдің, 30 орталық контрагенттің және капитал нарығының 90-нан аса инфрақұрылымының тәуекелдерін бағалайды. Компания жаһандық кастодиандарға, ішкі кастодиандық банктер мен капитал нарығының инфрақұрылымдарына қатысты мемлекеттік және жеке зерттеулер үшін тәуекелдерді бағалау беруде мықты позицияда. https://thomasmurray.com