2019 жылы AIX тау-кен компанияларының қаржыландыруын тарту ережелерін бекітті. Олар Торонто мен Австралия қор биржасында тау-кен кәсіпорындарының листингінде қолданылатын стандарттарға негізделген. Қағидаларда дамудың озық сатыларында (1-деңгей) ірі тау-кен компанияларын және тәуекелдің неғұрлым жоғары дәрежесі мен әлеуетті неғұрлым жоғары табыстылығы (2-деңгей) тән юниорлық компанияларды бөлетін сараланған тәсіл қолданылды. Компанияларға қойылатын негізгі талап-оларда құзыретті тұлғаның геологиялық жұмыстар мен минералдық қорлардың нәтижелері туралы есебінің болуы.

Берілген деңгейге байланысты тау-кен компаниялары листинг бойынша бірқатар талаптардан босатылады, мысалы, таза пайданың болуы және шығарылатын акциялардың минималды нарықтық капиталдандырылуы. Бұл ретте эмитенттер білікті менеджмент пен техникалық персоналдың болуын, сондай-ақ тау-кен саласының озық халықаралық стандарттарына сәйкес тәуелсіз сарапшылар растаған геологиялық есептілікті көрсетуге міндетті болады.
Тау-кен сегментінің ережесін мына жерден жүктеп алуға болады
Табиғи жағдайлар Қазақстанның тау-кен секторына капиталды тартуға ықпал етеді:
|

Тау-кен сегментінің аясындағы листингке арналған негізгі талаптар
Талап |
Ірі компаниялар |
Юниорлар |
Қаржылық есептілік |
3 жылдық аудиттелген есептілік |
2 жылдық аудиттелген есептілік (жаңадан паййда болған компанияларға қажет емес) |
Қаржылық жағдайы |
Листингтен кейін 18 ай ішінде мәлімделген жұмыс бағдарламасын орындау үшін жеткілікті |
Листингтен кейін 12 ай ішінде мәлімделген жұмыс бағдарламасын орындау үшін жеткілікті |
Минималды нарықтық капитализация |
1 млн АҚШ долларынан |
– |
Геологиялық есептілік |
JORC немесе NI 43-101 Дәлелденген қорлардың немесе өлшенген ресурстардың болуы |
JORC, NI 43-101 немесе KAZRC |
Персонал және инфрақұрылым |
Компания мен саланың қызметіне сәйкес келетін менеджмент пен директорлардың тиісті тәжірибесі мен техникалық сараптамасы, сондай-ақ жария компаниялардағы тиісті тәжірибе. Тиісті біліктілігі бар техникалық персонал мен сарапшылардың, сондай-ақ қажетті инфрақұрылымның болуы |
|
Талаптарды сақтау |
Тау-кен лицензияларының, елеулі келісімшарттардың және қолданылатын заңнаманың талаптарын сақтау |
Тарифтарды мына жерден көруге болады
Байланыс