ETF (Exchange Traded Funds, биржалық инвестициялық қорлар) – бірліктері (пайлары) биржаларда еркін айналатын бірлескен инвестициялар қорлары. ETF үлесін сатып ала отырып, инвестор дайын және әртараптандырылған портфельді алады, оның сапасын қорды басқаруға кіретін кәсіби қаржыгерлер бақылайды. AIX-тегі алғашқы ETF 2019 жылдың тамыз және қыркүйек айларында пайда болды.
ITI Funds Russia-Focused USD Eurobond UCITS ETF SICAV қоры ресейлік эмитенттердің инвестициялық рейтингі бар долларлық еурооблигациялар қоржынын, ал ITI Funds RTS Equity UCITS ETF A USD қоры – РТС индексіне кіретін ресейлік компаниялардың акциялар қоржынын (ETF-тегі негізгі үлестер – Сбербанк, Газпром және Лукойл акциялары) көрсетеді. Екі қор Лондон және Мәскеу қор биржаларында листингтен өтті. 2019 жылдың қорытындысы бойынша тиісінше 15% – ға және 42% – ға өсті.