Брокерлер арқылы

Сондай-ақ брокерлер (AIX сауда мүшелері) арқылы дәстүрлі түрде алдағы IPO-ға қатысуға болады. AIX сауда мүшелерінің толық тізімі келесі сілтемеде қол жетімді.

Тек ақпараттық мақсатта «Брокерді таңдау» бөлімінде сіз AIX бөлшек мүшелері (ақпарат жаңартылатын), олардың қызметтері, шарттары мен комиссиялары туралы толығырақ ақпаратты таба аласыз.

1 -қадам

Брокерді таңдау және онымен шарт жасасу.

Мұны алдын ала жасаған дұрыс. Көптеген брокерлер олармен офисте хабарласу арқылы да, веб-сайттағы жеке кабинет немесе смартфондағы мобильді қосымша арқылы да өзара әрекеттесу мүмкіндігін ұсынады.

Брокерлік компаниялардың тізімдерін төмендегі сілтемелерден табуға болады:

Сауда қатысушылары

2 -қадам

Брокерлік шот ашу.

Шарт жасалғаннан кейін брокер сізге депозитарийде — бағалы қағаздарды есептеуді, есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымда шот ашады. Брокер сізге қолжетімді биржаларда сауда жасауға мүмкіндік беретін тиісті брокерлік шотты ашады.
Шотты ашу үшін сізге жеке куәлік пен банк деректемелері туралы ақпаратты ұсыну қажет, сондай-ақ жеке деректері бар сауалнаманы толтыру керек (брокерлік шотты ашу үшін қажетті құжаттардың тізімі әрбір брокерде әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан осы ақпаратты тиісті брокерден нақтылауды сұраймыз). Брокерлік шотты цифрлық арналар арқылы ашқан кезде брокерлер қашықтан сәйкестендірудің заманауи әдістерін қолданады: ЭЦҚ, СМС, динамикалық немесе биометриялық сәйкестендіру.

3 -қадам

Брокерлік шотқа ақша есептеу.

Мұны алдын ала немесе бағалы қағаздарды сатып алудан бұрын жасауға болады. Банк пен брокердің аударымды өңдеуге кететін уақытын ескеріңіз. Ақшаны ағымдағы банктік шотыңыздан немесе басқа адамның шотынан брокерлік шотқа аударуға болады. Акция бағасына (немесе баға диапазонына), сондай-ақ сатып алғыңыз келетін бағалы қағаздардың санына байланысты инвестиция мөлшерін өзіңіз анықтайсыз. Алайда, аудару кезінде брокердің, биржаның және депозитарийдің комиссияларына жұмсалатын шығыстарды ескеру қажет.

4 -қадам

Жазылу мерзімі туралы ақпарат

Инвесторлардың барлық өтінімдері «Өтінімдер кітабын» – сатып алушының деректерін және сатып алу жоспарланған акциялардың санын көрсете отырып, акцияларды сатып алуға өтінімдердің бірыңғай тізілімін қалыптастырады. «Өтінімдер кітабының» ашылу және жабылу күндері туралы ақпаратты ҚазМұнайГаз АҚ-ның веб-сайтынан, өз брокерінен немесе биржалардың жаңалықтар таспасынан білуге болады .

5 -қадам

«Өтінімдер кітабына» акцияларды сатып алуға өтінім беру.

Өтінім жазылу кезеңінде брокер арқылы беріледі. Өтінімді қағаз түрінде брокердің кеңсесінде немесе брокерлер сайттарында немесе мобильді брокерлік қосымшаларда сауда платформалары арқылы электрондық түрде беруге болады. Өтінімде сатып алуға жоспарланған акциялардың санын және бір акцияның бағасын көрсету қажет. Сіздің брокерлік шотыңыз өтінімнің сомасымен толтырылғанына көз жеткізіңіз.

6 -қадам

Сіздің брокерлік шотыңызға акцияларды бөлу және есепке алу.

«Өтінімдер кітабын» жабу қорытындысы бойынша бөлудің белгіленген тәртібі шегінде акцияларды инвесторлардың шоттарына есепке алумен мәмілелер есебі жүргізілетін болады. Есептеу аяқталғаннан кейін брокеріңіз сізге есеп пен үзінді-көшірмені жібереді, онда сіз сатып алған акциялар көрсетіледі немесе есеп пен үзінді-көшірме брокердің мобильді қосымшасында қолжетімді болады (есепті ұсынудың қолжетімді тәсілдері мен үзінді-көшірме әр брокерде әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан брокеріңізден есеп пен үзінді-көшірме алу тәсілдері туралы ақпаратты нақтылауды сұраймыз). Маңызды! Егер сіздің шотыңызда берілген өтінімді төлеу үшін қаражат жеткіліксіз болса немесе баға диапазонын қолданған жағдайда, сіз ұсынған бір акцияның бағасы «кесімді бағасынан» төмен болса, өтінім «кітаптан» алынып тасталады және акцияларды одан әрі есептеу кезінде қаражат алынбайды, ақша сіздің ағымдағы банктік шотыңызға қайтарылады.