1. Бас бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жеке инвесторларға
  4. IPO
  5. Tabys арқылы тікелей жазылу

Tabys арқылы тікелей жазылу

Тікелей жазылу – акцияларды бастапқы орналастыру кезінде делдалсыз (брокер немесе андеррайтер) тікелей эмитенттен/акционерден сатып алу туралы шарт жасасу. Тікелей жазылу бөлшек және институционалдық инвесторлардан брокерлер немесе андеррайтерлер (кітап жасау) арқылы тапсырыстарды жинаудың әдеттегі әдісімен қатар жүргізілуі мүмкін.

Тікелей жазылу құралы Astana International Exchange қолдауымен әзірленген Tabys мобильді қосымшасы арқылы барлық қазақстандықтарға қолжетімді болады.

Табыс арқылы акцияларға тікелей жазылу үшін инвесторда мыналар болуы керек:

  • жеке куәлік
  • банк картасы
  • Интернетке кіру мүмкіндігі бар смартфон

1 -қадам

Tabys қосымшасын смартфонға жүктеп алыңыз.

Қосымша AppStore және Google Play Market-те қолжетімді.

2 -қадам

Тіркеуден өтіңіз.

Қауіпсіздік мақсатында осы кезеңде сіздің жеке басыңызды растау қажет болады – ол үшін сіздің фото, видео және жеке куәлігіңіз қажет болады. Смартфонда камера, соның ішінде алдыңғы камера жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.

3 -қадам

Банк картасын бекітіңіз.

Бұл акцияларды сатып алу мақсатында қаражат аудару үшін қажет. Карта Қазақстанда шығарылуы тиіс.

4 -қадам

Жазылу мерзімі туралы ақпаратты нақтылаңыз.

Компаниялардың акцияларына өтінімдерді жинау (жазылу) кезеңі («кітаптың» ашылу және жабылу күндері) туралы ақпаратты эмитент-компанияның веб-сайтынан немесе тікелей Tabys қосымшасынан алуға болады.

5 -қадам

Жазылу кезеңінде акцияларды сатып алуға өтініш беріңіз.


Қосымшаның басты бетіндегі «IPO» бөлімін таңдап, «Өтінім беру» түймесін басыңыз. Барлық қажетті жолдарды толтырыңыз, өтінімнің сомасын көрсетіңіз және «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз. Өтінім жіберілгеннен кейін сәйкес сома сіздің банк картаңыздан алынады.
Тиісті функциялар жазылу кезеңінде қолданбада қолжетімді болады.

6 -қадам

Өтінімді орындау.

«Өтінімдер кітабы» жабылғаннан кейін бөлу тәртібі аясында инвесторлардың шоттарына акциялар түсіп, есеп айырылысады. Сіздің өтініміңіз қанағаттандырылған жағдайда тиісті акциялар шотыңызға түседі және бағдарламаның басты бетінде көрсетіледі.

Назар аударыңыз! Tabys қосымшасы биржалық саудаға мүмкіндік бермейтіндіктен, тікелей жазылым арқылы сатып алынған акцияларды кейіннен сату үшін сізге: 1) брокерді таңдау; 2) онымен шарт жасасу; 3) брокерлік шот ашу; 4) акцияларды брокерлік шотқа аудару және 5) сатуға өтінім беру қажет болады.

Қызмет Tabys қосымшасында және Қазпошта бөлімшелерінде IPO параметрлері ресми жарияланғаннан кейін қолжетімді болады.