IPO дегеніміз не?
IPO (initial public offering) – инвестиция тарту мақсатында компанияның акцияларын қор биржасында бастапқы жария орналастыру. IPO кезінде компания акцияларды еркін айналымға шығарады, оны институционалдық және бөлшек инвесторлар – яғни қарапайым азаматтар сатып ала алады. Кейіннен акционерлер бағалы қағаздар құнының өсуінен, сондай-ақ компания дивидендтер төлеген жағдайда пайда ала алады. Қазақстандағы IPO-ның соңғы сәтті мысалдары ретінде 2018 жылы AIX және LSE (Лондон қор биржасында) өткен «Қазатомөнеркәсіп» уран өндіруші компаниясының және Kaspi технологиялық компаниясының AIX пен LSE-да 2020 акцияларының алғашқы көпшілікке орналастыруларын айтуға болады.
2022 жылдың желтоқсанында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы өтті
Акциялардың қайталама нарықтағы саудасы 8 желтоқсанда басталды
AIX бойынша IPO нәтижелері туралы біздің баспасөз хабарламасынан оқи аласыз:
AIX-те «ҚазМұнайГаз» акцияларының саудасы басталды
Tabys арқылы Брокерге «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акциялардың аударымды рәсімдеу инструкциясы: Жүктеп алу