Акциялар мен облигациялар эмитенттерінің, сол сияқты әлеуетті эмитенттердің корпоративтік презентациялары (жылдық және жарты жылдық нәтижелер, Инвестор күні, конференциялар, корпоративтік роудшоу)
AIX өзінің эмитенттеріне онлайн және офлайн форматтарда корпоративтік презентация іс-шараларын ұйымдастыруда техникалық көмек ұсынады:
- Нұр-Сұлтан қаласында іс-шара өткізу үшін алаң ұсыну
- Әлеуметтік желілерде онлайн платформалар мен АІХ-тің ресми аккаунттарында тікелей эфир өткізу үшін алаң ұсыну
- Биржаның байланыстар қоры бойынша жіберілім (сауда мүшелері, бейіндік БАҚ)
- Әлеуметтік желілерде АІХ-тің ресми аккаунттарында ақпарат орналастыру
- Қатысушыларды тіркеу
- Техникалық қолдау (онлайн хабар тарату, фото- және бейнетүсірілім және т.б.)
Инвестор күнін және АІХ алаңында да іс-шараларды ұйымдастыру үшін [email protected] электрондық поштасымен байланысуды өтінеміз.