1. Бас бет
  2. Анна Колесниченко

Анна Колесниченко

АІХ Орталық депозитарийінің бас директоры, АІХ Тіркеушісінің бас директоры 

Жоқтан бастаудан қорықпаймын

Алматы банк колледжін «Банк ісі» мамандығы бойынша, «Тұран» университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірдім, сосын Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі» біліктілігін алдым. 

1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құндылықтар қоймасында, сосын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жұмыс істедім. 1997 жылдан бастап 2015 жылдың ортасына дейін «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-та қатардағы маманнан бастап Басқарма мүшесіне дейінгі жолды өтіп қызмет атқардым. Осы күнге дейін өзімнің барлық әріптестеріме құрметім зор және Орталық депозитарийдің тамаша ұжымын жылылықпен есіме аламын. 

2016-2018 жылдары өзімді кіші бизнес басшысы және меншік иесі ретінде сынап көрдім. Бұл бизнестің ерекшелігі қаржы нарғынан алыс болды, алайда меншікті компанияны басқару тәжірибесі менің одан арғы мансабым үшін теңдессіз және пайдалы болды. 

2018 жылдың ортасында Оталық депозитарийдің және Тіркеушінің басшысы ретінде АІХ командасының бір бөлігі болу ұсынысын алдым. Бұл ұсыныстың өршіл, сондықтан да мен үшін қызығарлықтай болғаны соншалық, аз уақыт ойланғаннан кейін мен келістім. 

Алда өте көп нәрсені жоқтан бастау тұрды, жұмыс көлемі өте көп болды және АІХ-те жұмыс істеген алғашқы айларды мен өмірімде ұмытпайтын шығармын. Алайда АІХ-те ешқандай қиындықтар мен кедергілерден қорықпайтын өршіл оптимистерден, кәсіби шебер мамандардан тамаша ұжым жиналды, олар мен үшін тек қолдау ғана емес, сонымен қатар үлгі де болды. Сондықтан біздің қолымыздан бәрі келді. 

Маған қор нарығында жұмыс істеу ұнайды. Мұнда толып жатқан қатысушылар тоғысады – биржа, кастодиандар, брокерлер, басқа депозитарийлер, есеп айырысу банктері, эмитенттер, инвесторлар … .  Әрқайсысының өз ерекшелігі бар, әрқайсысымен жұмыс істеудің өз тәсілі бар. Және әрқайсысы сені маңызды бір нәрсеге үйретеді. 

Жоқтан бастаудан қорықпаймын. Егер қандай да бір істе «шарықтау шегіне» жетіп, енді  басқа жаңа және маңызды ешнәрсе үйрене алмайтынымды көрсем – жаңа тәжірибе іздеймін. 

АІХ-ке келгенде мен үшін үйреншікті шекара кеңейе түсті. Менімен бір командада әртүрлі елдерден келген әріптестерім, басқа компаниялардан келген қазақстандық әріптестерім жұмыс істейді. АІХ-ке шетелдік клиенттер көптеп қосылуда. Әркім өз тәжірибесімен бөліседі, өзінің ерекше пайымын көрсетеді және сол арқылы менің де тәжірибемді молайтады. Бұған қоса, қазақстандық юрисдикциядан өзгеше, ағылшын құқығына негізделген юрисдикцияда жұмыс атқарамыз, ағылшын тілінде жұмыс істеймыз. 

АІХ-те табысқа қол жеткізу үшін көп жұмыс істеуге, өзіңнің алдыңғы тәжірибеңмен шектеліп қалмауға дайын болу және эксперименттерге ашық болу керек. Ал ең бастысы – үлкен команданың бір бөлігіне айналу керек. Қолымыздан бәрі де келу үшін, біз біртұтас болуымыз қажет.