AIX халықаралық ISO стандарттарына сәйкестігін растады

13 Қыркүйек 2022

Astana International Exchange («AIX») өз қызметінің жаһандық ISO 27001 және ISO 27032 стандарттарына сәйкестігін растады, сонымен қатар жаңа екі стандарт – ISO 27018 және ISO 27017 бойынша сертификаттаудан өтті. Бұл стандарттар толық бизнес-циклді: сауда, клиринг, есеп айырысу, тіркеу және депозиттік қызметтерді қамтамасыз етуді қамтиды.

AIX басқармасының  төрағасы Ренат Бектұров былай деп мәлімдеді:

«АІХ жүйелі түрде өтіп тұратын сертификаттау біздің ақпараттық және  киберқауіпсіздік жүйелері үшін берік негіз қамтамасыз етуге және қызметтеріміздің сапасы мен қауіпсіздігін растауға ұмтылысымызды көрсетеді. Қазіргі заманда деректерді және құпиялылықты қорғаудың маңызы үнемі артуда екенін ескере отырып,  біз деректерді қорғау бойынша халықаралық саясаттар мен процедураларға сәйкес болуға міндеттіміз».

ISO 27001 – ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің (ISMS)талаптарына жауап беретін стандарт, ISO/IEC 27032:2012 – ақпараттық қауіпсіздік, желілік қауіпсіздік, интернет-қауіпсіздік және маңызды ақпараттық инфрақұрылымды қорғау сияқты аспектілерді қамтитын жаһандық киберқауіпсіздік стандарты.

Екі жаңа ISO 27017 және 27018 стандарттары бұлтық қауіпсіздікке және бұлттағы құпиялылыққа қатысты, бұл АІХ үшін маңызды жетістік болып табылады, өйткені биржаның барлық инфрақұрылымының қызметі бұлтта атқарылады.

АІХ-тің ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Валерий Цой:

«ISO сертификаттарын алу клиенттер, стейкхолдерлер мен инвесторлар АІХ қызметінің қауіпсіз, сенімді екендігіне, ал оның басшылығы бизнес-процестердің жоғары стандарттарын қолдаудың қажеттігін түсінетіндігіне сенімді бола алатындығын білдіреді. Сертификаттар Израиль стандарттар институты АІХ-ке мұқият аудит жүргізіп, тексергеннен кейін берілді, бұл мүдделі тараптарға олардың ақпараты барынша жете қорғалғандығына нық сенім береді».

Сертификаттау процедурасының шеңберінде алғашқы екі жыл ішінде жүйенің операциялық тиімділігі қамтамасыз етілуіне үнемі тексеріс жүргізілетін болады, ал үшінші жылы қайта сертификаттау аудиті өтеді.

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы сенімді инвестициялық орта қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін айқын және қолайлы жағдайлар қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады.www.aifc.kz