AIX Тікелей Листинг Қағидаларын бекітті

08 Желтоқсан 2021

Astana International Exchange (AIX, Биржа) тікелей листинг қызметін ұсынатынын қуана хабарлайды. Биржа қағидаларына (AIX Business Rules) тиісті өзгерістерді АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) бекітті және Қағидалар 2021 жылғы 20 желтоқсаннан бастап күшке енеді.

Тікелей листинг – бұл акцияларды дәстүрлі бастапқы орналастырусыз (ІРО) жаңа акционерлік капитал тартусыз, компанияның қор нарығына шығу процесі. Эмитент акцияларды әлеуетті инвесторларға, әдетте өтінімдер кітабын жинау арқылы берілетін жеңілдікпен, тікелей листингтің ІРО-дан айырмашылығы, тікелей листинг кезінде бастапқы сатуларда бар акционерлер Биржа арқылы сауда режимінде жүзеге асырады, ал бағалар АІХ сауда-саттығының қағидаларына сәйкес сатып алуға және сатуға берілген өтінімдердің сәйкес келуі негізінде анықталады. Тікелей листингіне өту мақсатында, эмитенттің ресми тізімге кірген күні еркін айналыста (free float) акциялары болмауы мүмкін, бірақ бұл талапты бір жыл ішінде орындау қажет.   

AIX Реттеу және Комплаенс жөніндегі директоры Евгения Богданова былай деп атап өтті:

«Тікелей листинг компанияларға жария сауда-саттыққа шығу үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады. Жария компания мәртебесі, компаниядағы бар акционерлерге өз акцияларын жария нарықта еркін сатуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, тікелей листинг кезінде андеррайтерлердің және өтінімдер кітабын жинау қажеттігі жоқ, бұл листингтің уақыты мен құнын қысқартады. Жеке компанияларға биржада листингтің балама тәсілдерін ұсына отырып, біз көп эмитенттердің қор нарығында қажетті қаржыландыруды тарта алатынына, ал инвесторларға  тартымды инвестициялық мүмкіндіктердің кең спектріне қол жеткізетініне сенеміз».

Қағидалар келесі сілтеме бойынша қолжетімді.


Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде ХҚК басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.
АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады». https://aifc.kz/