AIX-те жаңа биржалық ноталар листингтелді

14 Қыркүйек 2021

Astana International Exchange («AIX») жаңа биржалық ноталар – Freedom Finance IUIF Fixed Income USD («Ноталар») листингтелгенін қуана хабарлайды, олар жергілікті интервалдық инвестициялық үлеспұл қорының кірістілік көрсеткіштерімен байланыстырылған. Аталған Ноталарды FF IUIF Fixed Income USD SPC Limited – «Fixed Income USD» интервалдық үлеспұл қорының үлеспұлдары жалғыз активтері болып табылатын арнайы мақсаттағы компания (SPC) шығарған.

Freedom Finance Global PLC АІХ-тегі ноталар сауда-саттығында SPC-тің инвестициялық кеңесшісі ретінде болады және оның инвестициялық стратегиясы үшін жауапкершілік алады, ал  «Фридом Финанс» АҚ инвесторлар үшін қарапайым қол жетімділік пен өтімділікті қамтамасыз ете отырып, маркет-мейкер функциясын орындайды.

AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектұров былай деді:

«Біз Freedom Finance-тың жаңа биржалық ноталар листингін қошеметтейміз, оның арқасында қазақстандық инвесторлардың тағы бір инвестициялық мүмкіндігі пайда болады және АІХ-те бөлшек сауда инвесторларына арналған құралдардың саны артады».

Freedom Finance Global PLC Директорлар кеңесінің төрағасы Сергей Лукьянов былай деп атап өтті:

«Біз АІХ-ке кезекті өнімді, жергілікті инвесторлардың жаңа құралды АҚШ долларымен саудалау мүмкіндігі болуы үшін шығарып отырмыз. Соңғы жылдары, ұжымдық инвестициялар бөлшек сауда инвесторлары тарапынан үлкен қызығушылық тудыруда. Тек 2020 жылдың өзінде ғана, Қазақстанда үлеспұлшылар саны 40%-ға артты. Бұл үрдіс жалғасады және инвестициялық үлеспұл қорлары банк салымдарының жақсы баламасына айнала алады деп санаймыз. Бұл құралдың АІХ-тегі листингі, Қазақстанның қор нарығының дамуына ықпал ететініне сенімдіміз».

Анықтама:

AIX биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». https://aifc.kz/Freedom Finance Global PLC Freedom Holding Corp. Халықаралық тобының 100% еншілес ұйымы боып табылады және өз клиенттеріне  брокерлік қызметтер көрсетеді. Freedom Finance Global PLC қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті («AFSA») реттейді. https://www.ffin.global/