1. Бас бет
  2. Әйгерім Ақылова

Әйгерім Ақылова

Нарықты дамыту департаментінің менеджері

Ойыңмен бөлісу

Қытайда «Қаржы» мамандығы бойынша білім алғаннан кейін мен ҚР Қаржы министрлігінде жұмыс істедім. АІХ іске қосылатыны туралы бірінші рет естігенімде, бұл жоба мені өте қызықтырды, өйткені ол – бүкіл әлем инвесторлары үшін түсінікті ережелер бойынша жұмыс істейтін ТМД аумағындағы алғашқы халықаралық биржа. Әңгімелесулер кезінде осы жобаның сәтті болатынына сенімім арта түсті, сондықтан мен оның тарихының бір бөлігі болғым келді. Осы уақытқа дейін алғашқы жұмыс күндерімді жылылықпен есіме аламын. Бұл эмоциялық драйв, бірігу сезімі, табысқа жетуге ортақ ұмтылыс. Мұндай атмосфера шабыттандырды және күш берді. 

Бастапқы кезеңде мен Қытай нарығымен жұмыс істедім және мен үшін Қытайдан ірі  қаржы ойыншыларын тартуға қатысу өте қызықты болды, бұл кейіннен Орталық Азияда алғаш рет юаньдағы облигациялар шығарылуын сәтті өткізуге көмектесті.  

Мен үшін жұмыста идеялармен бөлісу, оларды тестілеу және қорытындысында оларды іске асыру маңызды. Біздің компанияда мұндай мүмкіндіктер барлығымызға да ұсынылатыны мені қуантады.  Біз әріптестерімізбен әрқашан жедел түрде жиналып, ақылдасамыз, іске асырып жатқан жобамыз туралы ойларымызды ортаға сала аламыз. Біздің командамыз бен басшылық жеткілікті түрде прогрессивті, диалог үшін ашық, қандай болмасын пікірді тыңдауға әзір, бұл табысты жұмыс процесі үшін негізгі компоненттердің бірі.  

Менің жұмысым өте серпілісті және жобалар бір-біріне ұқсамайды. Көбінесе бұл сәтті листингті қамтамасыз ету үшін эмитенттермен байланыс жасау. АІХ-тің бағалы қағаздардың ресми тізімінде жаңа компаниялар пайда болғанда, біздің ортақтаса салған күшіміздің нәтижесін көру мені қуантады. Акциялар мен облигацияларды орналастыра отырып, біздің эмитенттер өз бизнестерін дамытуға қаражат тартады, ал бұл қағаздарды кейіннен сатып ала алатын инвесторлар дивидендтер алу мүмкіндігіне ие болады. Қазақстанның экономикасы үшін бұл маңызды, сондықтан да әрбір орналастыруды біз оның дамуына қосқан өз үлесіміз деп білеміз. 

АІХ қаржылық экожүйенің өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасауда. Мұнда жоғары халықаралық реттеу стандарттары қолданылады. Бұл эмитенттер қызметінің мөлдірлігін қамтамасыз етуге мұмкіндік береді және осының салдары ретінде инвесторлар шығарылған бағалы қағаздардың перспективаларын жақсырақ бағалау мүмкіндігін алады, ал компаниялар жаһандық капитал нарықтарына қолжетімділікке ие болады. 

АІХ-тің басты активі оның ұжымы болып табылады.  Мұнда кәсіби шебер мамандардың шоғырлануы өте жоғары, олардың әрқайсысы өзінің жұмыс учаскесі үшін жауапкершілік көтереді. Сонымен қатар менің әріптестерім кеңседен тыс та белсенді, толыққанды өмір салтын ұстанады, олармен қарым-қатынас жасау шын мәнінде өте қызықты. Бұл ұжымға кірігу үшін бастама көрсетіп, бүкіл команданың жұмысына жаңалық енгізуден қорықпау керек.