AIX жауапты қаржыландыру өнімдерінің қатарын ESG-облигациялармен кеңейтті. 2022 жылдың 5 желтоқсанынан бастап AIX-тегі жауапты қаржыландыру өнімдерінің қатары Биржаның әртүрлі ESG-санаттарына тиесілі облигацияларды шығару және листингтеу бойынша қағидаларының жаңа тарауына сәйкес кеңейтілуде. Қандай да бір ESG-санаты облигацияларға эмитент ESG саласында Биржа таныған халықаралық стандарттардың біріне сәйкестігін растаған кезде «ашық архитектура» қағидаты бойынша беріледі. Бұл құрылым эмитенттерге орнықты дамумен байланысты жобаларын қаржыландыру үшін ең қолайлы ESG-стандартты таңдауға икемділік береді. Облигацияларға берілетін ESG-санат тиісті ESG-стандартты көрсетеді және әлеуметтік, орнықты, көк, транзиттік облигацияларды және орнықтылыққа байланысты басқа санаттардың облигацияларын қамтуы мүмкін.
2021 жылдың қараша айында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы «Самұрық-Энерго» АҚ AIX биржасында өтеу мерзімі 2028 жылдың мамырында және купондық мөлшерлемесі 11,40% болатын 18,4 млрд теңге сомасына дебюттік «жасыл» облигацияларды орналастырды. Барлық сома AIX-ке жария жазылым (букбилдинг) арқылы тартылды.
2020 жылдың тамыз айында Қазақстанда алғаш рет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» «жасыл» облигациялары жаңғыртылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін азайту бойынша БҰҰДБ-мен келісім аясында AIX-те орналастырылды. 200 млн теңге сомасына өтеу мерзімі 36 ай «жасыл» купондық облигациялар.
Мұндай облигацияларды орналастырудың мақсаты – жаңғыртылатын энергия көздері жобаларын жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпорындарды кредиттеу. Бұл – бүкіл әлемде белсенді дамып жатқан бағыт, біз «жасыл» қаржы Қазақстанда да өзінің тиімділігін көрсетеді деп сенеміз. Тек «жасыл» жобаларға маманданған халықаралық инвестициялық қорлардың саны жыл сайын артып келеді және олардың еліміздің бизнесіне инвестиция салу мүмкіндігіне ие болатынына қуаныштымыз.