2022 жылғы шілде айындағы нарықтық белсенділікке шолу

10 Тамыз 2022

AIX-тегі сауда-саттық көлемі

2022 жылғы шілдеде АІХ-тегі сауда-саттықтың көлемі 18 807 867 АҚШ долл. құрап, алдыңғы айдың көрсеткіштеріне қарағанда 14,3% артты. Сауда-саттық көлемінің шілдеде өсуі Freedom Finance еншілес ұйымының «Мобильді Әлем» облигациялары бойынша сауда-саттық көлемінің артуы аясында өтті.

Эмитенттер, брокерлер, шоттар

2022 жылғы шілденің аяғындағы жағдай бойынша, АІХ-тің ресми тізіміне әртүрлі 87 эмитетенттің 131 бағалы қағаздар шығарылымы, оның ішінде 19 ETN (Exchange traded notes) кірді. 17 қазақстандық және 11 халықаралық брокер АІХ-тің сауда мүшелері болып табылады. АІХ Орталық депозитарийінде инвесторлардың 361 мыңнан астам шоты ашылды.

Маусымның аяғында АІХ-те үлестік құралдар листингі бар компаниялардың (Қазатомөнеркәсіп, Polymetal, Халық Банк, Ferro-Alloy Resources Limited, ЦентрКредит Банкі, Kaspi.kz) жалпы нарықтық капиталдандыруы  22,7 млрд АҚШД-дан асып отыр.

2022 жылғы шілдеде АІХ-тің ресми тізімін «Қазтеміртранс» АҚ-тың 33 млрд теңге сомасындағы обигацияларының листингі толықтырды. Компания Қазақстан Республикасының жүк вагондары паркінің аса ірі операторы болып табылады.

Шілдеде АІХ пен Сауд қор биржасы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, өзара пайдалы салаларда – FinTech бойынша деректермен және зерттеулермен алмасу, орнықты даму және ESG салаларын дамытудағы ынтымақтастық мүмкіндігін зерделеу, биржалық өнімдер, IR, білім беру және басқа мәселелер бойынша идеялар алмасуда ынтымақтастық орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

AIXQI индексі

Шілдеде тіркелген жергілікті минимумдардан АҚШ қор нарығындағы және басқа да жаһандық көшбасшы қор биржаларындағы елеулі өсу инвесторлардың тәуекелге тәбеттерінің жоғарылауына ықпалын тигізді, бұл дамушы нарықтарда да көрінісін тапты – шілде  қазақстандық қор нарығы үшін позитивті ай болды.

2022 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша AIXQI индексі 13,5%-ға, 764.87 пунктіден 764.87 пунктіге дейін өсті.

Индекстің Халық Банктен басқа компанияларының барлығы  айды жасыл аймақта аяқтады. Қазақстандағы аса ірі банктің акциялары алдыңғы айдың қорытындылары бойынша өсудің екі мәнді көрсеткішінен  кейін түзелді  (-5,27%). Шілдеде Kcell акциялары (+32,42%) көшті бастаушы болды, олардың өсуі 2022 жылғы бірінші жарты жылдықтың оң есептілігімен шартталды (таза пайда 19% өсіп, 10,1 млрд теңге құрады). Сонымен қатар алдыңғы айларда телеком-оператор акцияларының қатты шөгуі  де өсуге ықпал етті. Шілдеде KazTransOil болжамдардағыдан жақсы есеп берді, ол бірінші жарты жылдық ішінде тасымалдаудың жалпы көлемі 2021 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда тек 2,3%-ға ғана төмендегенін хабарлады. Магистральді мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор акциялары құнының өсуі 19,85% құрады. Сол сияқты, қалпына келу үрдістерін маусымда Kaspi (+17,25%) мен Қазатомөнеркәсіп (+16,64%) көрсетті, екі компанияның да қызметтерінің оң қаржылық нәтижелері жариялануына қарамастан орын алған алдыңғы құлдыраудың есесін нарық қайтарып алды, ал Қазатомөнеркәсіп жағдайында тіпті  уран бағасының төмендеуі де елеулі қысым көрсеткен жоқ. Қалыптасқан инфляциялық қысымның шыңына қол жеткізу бойынша батыс нарықтарындағы оң күтулер және осының салдары ретінде, орталық банктердің жұмсағырақ саясатынан үміттену жағдайында Central Asia Metals акциялары шілде айының қорытындылары бойынша 14,29%-ға өсті. Сонымен қатар шілдеде S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Банк ЦентрКредиттің ұзақмерзімді кредиттік  рейтингін оның бизнес-позициясының жақсаруына және капитал қорының артуына байланысты «В»-дан «Тұрақты» болжамымен «В+»-ке дейін көтеруінің аясында Банк ЦентрКредит акциялары өсті (+9,6%). Қазақтелекомның баға белгілеулері дәстүрлі түрде қатты ауытқуларға бейім болған жоқ. Шілденің қорытындылары бойынша телекоммуникация секторындағы көшбасшы акцияларының орташа өсуі көрінді (+3,7%).