2022 жылғы тамыз айындағы нарықтық белсенділікке шолу

20 Қыркүйек 2022

AIX-тегі сауда-саттық көлемі

2022 жылғы тамызда АІХ-тегі сауда-саттықтың көлемі 12 121 762 долл. құрап, алдыңғы айдың көрсеткіштеріне қарағанда 35,5% төмендеді. Сауда-саттық көлемінің тамыз айында төмендеуі облигациялар бойынша сауда-саттық көлемінің елеулі түрде төмендеуі есебінен (-62,8%) орын алды, сонымен бірге акциялар бойынша сауда-саттықтың көлемі  11,94%-ға артты.

Эмитенттер, брокерлер, шоттар

2022 жылғы тамыз айының аяғындағы жағдай бойынша, АІХ-тің ресми тізіміне әртүрлі 87 эмитетенттің 131 бағалы қағаздар шығарылымы, оның ішінде 19 ETN (Exchange traded notes) кірді. 17 қазақстандық және 11 халықаралық брокер АІХ-тің сауда мүшелері болып табылады. АІХ Орталық депозитарийінде инвесторлардың 385 мыңнан астам шоты ашылды.

2022 жылғы тамызда АІХ-тің ресми тізімін банктің облигациялық бағдарламасының шеңберінде 200 млн. АҚШ доллары жалпы сомасына шығарылған «ForteBank» АҚ-тың 100 млн. АҚШ доллары сомасындағы үш жылдық борыштық қағаздарының листингі толықтырды.

 Тамыз айында бүкіл әлем бойынша саудадан кейінгі және кастодиандық тәуекелдерді бағалалайтын Thomas Murray компаниясы АІХ Орталық депозитарийінің (AIX CSD) тәукелдерін екінші бағалауын аяқтап, «A+» жалпы бағасын берді, бұл «Төмен тәуекел» дегенді білдіреді. Бүкіл әлем бойынша саудадан кейінгі және кастодиандық тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыратын «A+» кешенді рейтингі тәуекелдің сегіз бөлек компонентінің орташа сараланған мәнінің көрінісі болып табылады және «Тұрақты» болжамымен тәуекелге ұшыраудың төмен бейінін көрсетеді. Бұл баға AIX CSD-ны Thomas Murray қамтитын еуразиялық Орталық депозитарийлер үшін орташадан жоғары деңгейге (ВВВ) және Азия-Тынық мұхит Орталық депозитарийлері үшін орташа болып табылатын деңгейге (А+) қояды.

AIXQI индексі

Тамызда қазақстандық қор нарығының үшінші ай қатарынан өсуі жалғасты. Айдың қорытындысы бойынша,  AIXQI индексі  868,13 пунктіден 912,12 пунктіге дейін 5,07%-ға өсті.

Тамыз айында Қазақстанның банк секторының акциялары айтарлықтай өсті. Акциялары ай ішінде 16,19%-ға өскен Халық Банк өсудің көшбасшысына айналды. Банктің  таза пайдасы 2021 жылғы 2-тоқсандағы 128,6 млрд. теңгемен салыстырғанда  2022 жылғы 2-тоқсанда 157,2 млрд. теңгеге дейін 22,2%-ға, негізінен кредиттік бизнестің, соның ішінде «Сбербанк» АҚ ЕБ-тің  кредиттік портфелін сатып алудың және шетелдік валюталармен операциялардың арқасында артты. 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының аяғындағы жағдай бойынша, банктің активтері 2021 жылдың аяғымен салыстырғанда 13,6%-ға артты. 24 тамыздан бастап 2-тоқсан үшін дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған Kaspi.kz тамыз айының қорытындысы бойынша AIXQI индексінің компаниялары арасында өсу қарқыны бойынша екінші орында (+13,81%) болды, дивиденд мөлшері бір жай акцияға 500 теңге құрады. Тамызда Kcell баға белгілеулерінің өсуі жалғасты (+13,72%), компания қызметінің нәтижелері оң болуы жағдайында телеком-оператор акцияларын инвесторлардың сатып алуы жалғасты. Тамызда БанкЦентрКредит АҚ акциялары да  мықты есептілік  жариялануы аясында қос таңбалы өсу қарқынын (+11,66%) көрсетті, ол бойынша 2022 жылдың 2-ші жарты жылдығында БЦК-ның таза пайдасы 2021 жылғы осы кезеңдегі 4,7 млрд теңгеден 78,6 млрд теңгеге дейін артты. Уран нарығының нығаюы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ таза пайдасының 2021 жылдың 1-ші жарты жылдығындағы 58,1 млрд теңгеден 2022 жылдың 1-ші  жарты жылдығында 167,4 млрд теңгеге дейін өсуі компания акцияларының 4,81%-ға өсуіне әкелді. Тамызда Қазақтелекомның баға белгілеулері өзгерген жоқ десе болады, өсу тек 0,36% құрады. KazTransOil акцияларының шілдедегі қос таңбалы өсу көрсеткіші түзетілді (-7,8%). Ұлыбританиядағы кең нарықтың құлдырауы мен 1-ші жартыжылдық бойынша, макроэкономикалық факторлардың нашарлауы жағдайында, тамыз айының қорытындысы бойынша AIXQI индексіндегі ең нашар компания CentralAsiaMetals болды (-12,74%).