Қазақстандық банктердің көрсеткіштерін қадағалайтын биржалық ноталар AIX-те листингтелген

30 Қараша 2021

Astana International Exchange («AIX») жергілікті банктер акцияларының көрсеткіштерімен байланысты жаңа биржалық ноталардың листингі – Kaz Financials Exchange Traded Notes («Ноталар») туралы хабарлауға қуанышты. Бұл ноталарды Арнайы мақсаттағы компания (SPC) – «Kaz Financials SPC Limited» шығарады, оның жалғыз активтері (құрылған сәтте) «Банк ЦентрКредит» АҚ (CCBN), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (HSBK) және «Kaspi Bank» АҚ (KSPI.S) акциялары болып табылады. Портфельдің құрылымы инвестициялау мәселелері бойынша SPC кеңесшісі ретінде әрекет ететін «BCC Invest» компаниясының ұсынымдарын ескере отырып өзгертілуі мүмкін. Сонымен қатар, «BCC Invest» АҚ AIX-те ноталардың маркет-мейкері функцияларын орындайды.

AIX Бас директоры Ренат Бектұров былай деді:

«Инвесторлар мүддесінде түрлі биржалық инвестициялық өнімдерді құрылымдау Қазақстан аумағындағы бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту үшін маңызды тренд болып табылады және AIX биржасы осы процестің негізгі тұғырнамасына айналуға қуанышты».  

«BCC Invest» АҚ Бас директорының орынбасары Әлібек Оразақов атап өтті:

««BCC Invest» АҚ Қазақстан Республикасындағы жетекші инвестициялық компаниялардың бірі бола отырып, инвесторларға еліміздегі капитал нарығын дамытудың әрбір кезеңінде капитал салу үшін түрлі мүмкіндіктер ұсынуға дайын». 

Анықтама:

AIX. «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде ХҚК басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады». https://aifc.kz/

 «BCC Invest» АҚ Қазақстандағы ең ірі инвестициялық банктердің бірі болып табылады, сондай-ақ «Банк ЦентрКредит» АҚ тобының мүшесі болып табылады. «BCC Invest» АҚ Қазақстан Республикасындағы активтер көлемі бойынша ТОП-3 брокерлер құрамына кіреді. Компания 120 млн АҚШ доллары көлеміндегі ең ірі инвестициялық қорды басқарады. «BCC Invest» АҚ «International Business Magazine» журналының нұсқасы бойынша «Үздік қаржы кеңесшісі», «Үздік брокер», «Активтерді үздік басқарушы»  марапаттарының иегері болып табылады.