«Самұрық-Қазына» 3 жылға «ҚазМұнайГаз» акцияларының дивидендтерінің кепілдендірілген ең төменгі мөлшерін бекітуге ниетті

07 Қазан 2022

Халықаралық инвесторлар апталығы аясында AIX жыл сайын өткізетін Қаржы сауаттылығы Форумы аясында «Самұрық-Қазына» Қорының даму және жекешелендіру бойынша басқарушы директоры Ернар Жанәділ IPO өткеннен кейін 3 жылға «ҚазМұнайГаз» акцияларының дивидендтерінің кепілдендірілген ең төменгі мөлшерін бекітуге ниетті екендерін жариялады. «ҚазМұнайГаз» акцияларының листингі 2022 жылдың соңына дейін жүзеге асырылмақ.

«ҚазМұнайГаз» акцияларын сатып алуға өтінімді AIX және KASE биржаларының брокер-сауда мүшелері арқылы беруге болады, сондай-ақ Tabys қосымшасы немесе «Қазпошта» бөлімдерінде тікелей жазылым арқылы қатысуға болады. IPO-ға қатысу жолдары туралы толық ақпаратты www.aix.kz сайтынан табуға болады.

АІХ басқармасының төрағасы Ренат Бектұров:

«Өткізілгелі отырған ІРО-ның ерекшелігі қазақстандықтар эмитенттердің акцияларына тікелей жазылу тәсілін пайдалана алаындығында. Бұл ІРО өткізудің әлемде кеңінен танылған іс-тәжірибесі. Мәселен, Ұлыбритания Корольдік  поштасының 2013 жылғы «Халықтық ІРО-сы» – сәтті кейтердің бірі. Біз бұл тәжірибені «ҚазМұнайГаз» акцияларын тез  әрі еліміздің кез келген өңірінен алу мүмкіндігі бар қазақстандықтардың саны көбейе түсу үшін пайдаланып отырмыз. Тікелей жазылымды брокерлік шот ашпай-ақ, Tabys мобильді қолданбасында рәсімдеуге болады».

Тікелей жазылым әр түрлі себептер бойынша шот ашып үлгермеген, бұрындары қор нарығында инвестиция жасамаған және брокер таңдауға көбірек уақыт қажет ететін қазақстандықтар үшін тиімді. Сондай-ақ сатып алынған акцияларды тез сатуды және бастапқы уақытта брокерлік шот ашуды жоспарламайтын адамдар үшін қолайлы.

АІХ-тегі Қаржылық сауаттылық форумының шеңберінде жекешелендіру және ІРО бойынша сессия өтті, оған «Самұрық-Қазына» қорынан, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясынан, «Қазпошта» акционерлік қоғамынан, сондай-ақ Freedom Broker, Halyk Finance, BCC Invest және Sky Bridge Invest брокерлік компанияларынан спикерлер қатысты.

Бұл компаниялардың өкілдері «Самұрық-Қазына» қорының бастамасы бойынша 2022 жылғы 17 қыркүйектен бастап Қазақстанның 60-тан астам қаласында халықпен және өндірістік компаниялардың жұмыскерлерімен 100-ден аса кездесу өткізді. Өңірлерде 84-ке тарта адам «ҚазМұнайГаздың» алдағы ІРО-сы туралы өз сұрақтарын оның ұйымдастырушыларына тікелей қою мүмкіндігіне  ие болды.

Таяудағы екі апта ішінде Астана және Алматы қалаларында халықпен және ірі кәсіпорындардың жұмыскерлерімен кездесулер өтпек.

Анықтама:

Халықаралық инвесторлар апталығын қор нарығының реттеушілерін біріктіретін халықаралық ұйым – Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы (IOSCO) аясында қаржылық реттеушілер жыл айын әлемнің 100 елінде өткізеді. IOSCO мүшелері 115-тен аса юрисдикцияда әлемдік бағалы қағаздар нарығының 95%-ынан артығын реттейді.

Астанадағы Халықаралық инвесторлар апталығының ұйымдастырушысы – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (АФСА). Биыл АХҚО-дағы Халықаралық инвесторлар апталығының басты тақырыбы орнықты қаржыландыру болып табылады

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz