Кселл AIX-те листингтен өтті

06 Ақпан 2020

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор «Кселл» АҚ (Кселл) жай акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттары (ЖДҚ) 2020 жылдың 6 ақпанында AIX-тің ресми тізіміне енгізілгенін хабарлайды. Сауданы 7 ақпанда бастау жоспарланып отыр. Кселл-дің жай акциялары (KCEL) тикерімен, теңге бағамымен көрсетілген, есеп айырысу да теңгемен жүреді және Қазақстан қор биржасы мен AIX-те толық айырбасталатын болады. ЖДҚ – (KCEL.Y) тикерімен листингтелген және АХҚО долларымен көрсетілген, Лондон қор биржасы мен AIX-те толық айырбасталатын болады.

AIX басқарма төрағасы Тим Беннетт:

«AIX-тегі Кселл бағалы қағаздарының листингі компанияға мүдделі инвесторлардың пулын әртараптандыруға, сондай-ақ Кселл акциялары мен ЖДҚ саудасына жергілікті және шетелдік жекелеген инвесторлардың бір сауда алаңында толық қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті.

«Кселл» АҚ Басқарма төрағасы Каспарс Кукелис:

«Кселл» АҚ 7 жылдан астам листинг тарихының болуын ескере, мен жаһандық депозитарлық қолхаттардың (ЖДҚ) және қарапайым акциялардың AIX ресми тізіміне енгізілгенін хабарлауға қуаныштымын. Бұл қадам компаниямызға инвестициялық базаны әртараптандыруға және кеңейтуге, сондай-ақ акцияларымыздың өтімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Біз Компанияның 2012 жылы IPO-ға шыққаннан бастап қолданыстағы корпоративтік басқарудың ең жоғары халықаралық стандарттарын ұстануды жалғастырамыз. AIX-пен серіктестік клиенттеріміз бен акционерлеріміз үшін зор құндылық жасауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл ұзақ мерзімді және өзара тиімді болады деп үміттенемін»,- деді.

Анықтамалық:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және сондай-ақ AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын осылайша қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайлар ұсыну есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

Кселл. «Кселл» компаниясы мобильді дауыс байланысы, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қол жеткізу, сондай-ақ деректерді беру, оның ішінде Интернет желісіне қол жеткізу сияқты қосымша қызметтерді (VAS) ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын  Кселл және жаппай нарық абоненттеріне бағытталған Activ. Компания өзінің жоғары сапалы ұялы байланыстың кең желісінің көмегімен қызмет көрсетеді және Қазақстан Республикасының барлық аумағын қамтиды. www.kcell.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]