ЕАДБ АҚШ долларындағы дебютттық облигацияларды АІХ-те орналастырды

07 Желтоқсан 2020

Astana International Exchange («АIX», «Биржа») «Еуразия даму банкі» («ЕАДБ») көлемі $100 млн АҚШ долларындағы 12 айлық облигациялардың дебюттік шығарылымын АІХ алаңында сәтті орналастырғанын қуана хабарлайды. Мәмілеге «First Heartland Securities» АҚ қолдау көрсетті.

AIX басқармасының төрағасы Тим Беннетт былай деп түсінік берді:

«Біз Еуразия даму банкі» бағалы қағаздарының АІХ-тегі алғашқы листингін қошеметтейміз. Листинг инвесторлар үшін және жалпы нарық үшін жақсы белгі болады және басқа да халықаралық даму банктері үшін жақсы үлгіге айналады деп санаймыз».

ЕАДБ Басқармасының төрағасы Николай Подгузов былай деп атап өтті:

«Облигациялардың дебюттік орналастырылуы Банктің АҚШ долларында және еурода қисық қалыптастыру және қорландыру құралдарын әртараптандыру бойынша жұмысының шеңберінде жүзеге асырылды. Банк 2021 жылы АІХ-пен серіктестікті жалғастыруды және инвесторларға 18 айға дейінгі мерзіммен қысқамерзімді шығарылымдар сериясын ұсынуды жоспарлап отыр».

«First Heartland Securities» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Пан былай деді:

«ЕАДБ облигацияларын орналастыру қаржы нарығы және эмитенттер мен инвесторлар үшін де маңызды оқиға болып саналады. Бұл орналастыру инвесторларға сапалы облигацияларға салым жасауға бірегей мүмкіндік береді. Біз осы орналастыруға қатысу мүмкіндігін бергені үшін ЕАДБ-ға алғыс айтамыз. Сонымен қатар, эмитенттер мен инвесторлар тарапынан АХҚО алаңына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өткіміз келеді және бұл мәміле осы қызығушылықты растайды».

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасы да болып табылатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығының юрисдикциясындағы нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді, осы арқылы инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнес үшін қаржыландыру тартудың айқын және жайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді дамытады, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады. Анағұрлым толығырақ ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». www.aifc.kz

ЕАДБ. Еуразия даму банкі 2006 жылы Ресей мен Қазақстан қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамытуға, олардың тұрақты экономикалық өсуіне және өзара саудаэкономикалық байланыстарының кеңеюіне жәрдемдесу мақсатында құрған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады.   ЕАДБның жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. Банктің қатысушы мемлекеттері Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы болып табылады. www.eabr.org