«Банк Центр Кредиттің» акциялары АІХ бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілді

04 Тамыз 2020

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Қазақстан Республикасының аса ірі банктерінің бірі болып табылатын «Банк Центр Кредит» АҚ-тың («БЦК») акциялары АІХ-тегі листингке енгізіліп, сауда-саттыққа жіберілгендігін хабарлайды. Банк АХҚО (AFSA) Реттеушісі жуырда мақұлдаған, капиталдандырылуы орта деңгейдегі компаниялардың АІХ-тегі листингке және акционерлік капиталға қолжетімділік алуларына мүмкіндік беретін REMS (Regional Equity Markets Segment) қағидаларының шеңберінде листингке жіберілген алғашқы эмитент болды.

AIX басқармасының төрағасы Тим Беннетт былай деп атап өтті:

«Біз «Банк Центр Кредитті» акциялардың өңірлік сегментіндегі алғашқы эмитентіміз ретінде қошеметтеуге қуаныштымыз. АІХ-тегі листинг банктің халықаралық инвесторлар базасын әртараптандыруына және кеңейтуіне, сөйтіп одан әрі қарай өсу үшін өз акцияларының өтімділігін жоғарылатуына мүмкіндік береді».

«Банк Центр Кредит» АҚ басқармасының төрағасы Ғалым Құсайынов:

«Өз акцияларын АІХ-тің ресми тізіміне RЕМS жаңа процедураларына сай енгізген алғашқы компания бола отырып, біз Қазақстанда қос листинг жоспарлап отырған кейінгі компанияларға прецедент құрдық. Біз кәсіби қолдау көрсеткені және банк акцияларының кросс-листингтен өтуімен байланысты іс-шараларға қатысқаны үшін AIX пен BCC Invest командасына алғысымызды білдіреміз және де АІХ-тегі листинг банктің алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді деп сенеміз, – деді.

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ    AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істей отырып, осы арқылы инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнестің қаржыландыруды тартуы үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

«Банк Центр Кредит» АҚ 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және Қазақстанның алғашқы коммерциялық банктерінің бірі болып табылады. Банк қызметінің негізгі түрі коммерциялық банк қызметін көрсету болып табылады, оған жеке клиенттерге, сонымен қатар корпоративтік клиенттерге кредит беру, құжаттамалық операцияларбанк карталарын шығарувалюта мен туынды құралдарды қосабағалы қағаздармен сауда-саттық кіреді. Бүгінгі таңда активтер мөлшері мен жұмсалымдар көлемі бойынша Банк Қазақстандағы жетекші коммерциялық банктердің бірі болып табылады.https://www.bcc.kz/

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]