АІХ-те бағалы қағаздарды кредиттеу бойынша мәмілелердің көлемі 2020 жылы қызмет іске қосылған сәттен бастап $600 мың / 850 000 бағалы қағазға жетті

20 Тамыз 2021

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») 2020 жылы қызмет іске қосылған сәттен бастап бағалы қағаздармен кредиттеу бойынша 23 транзакция сәтті аяқталғаны туралы қуана хабарлайды. Осы кезең ішінде жасалған мәмілелердің көлемі $600 мың немесе 7 тикер бойынша  850 000 бағалы қағаздар құрады.

Қазіргі уақытта биржада 1 авторландырылған кредитор және 3 авторландырылған қарыз алушы жұмыс атқарады. 15 несие ұйымдастырылып, оның 8-і сәтті өтелді және қалғаны несие мерзімі аяқталғаннан кейін өтеледі.

AIX операциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Оливье Гэрис былай деп мәлімдеді:

“AIX –өз маркетмейкерлеріне сенімді операциялық ортада мен тәуекелдерді басқару жүйесінің шеңберінде қысқа позицияларды жабу үшін бағалы қағаздармен кредиттеу бойынша қызметтер көрсету ұсынатын фронтирлік нарықтағы аздаған биржалардың бірі. Бүкіл әлемде бағалы қағаздармен кредиттеу — бұл кредиттік дағдарыстар, суверендік облигациялар дағдарысы, ал қазір енді пандемия сияқты макроэкономикалық сілкіністерге қарамастан сақталып отырған тұрақтанған тиімді нарықтық практика. Кредиторлар үшін пайда алудан басқа, бағалы қағаздармен кредиттеу нарықтық өтімділік пен тиімділікті қолдай отырып, дамыған қаржылық нарықтардың үздіксіз жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады».

Бағалы қағаздарды қарызға алу мүмкіндігі жұмыс істеп жатқан маркетмейкерлер үшін АІХ-тің реттеу және комплаенс департаментінің мақұлдауын алғаннан кейін қолжетімді болады.  Қарыздық бағалы қағаздарды мәмілелер бойынша есеп айырысу кезінде дефолттарды болдырмау үшін пайдалануға болады. Бағалы қағаздарды қарызға алу бойынша қарым-қатынастар, нарықта бағалы қағаздарды қарызға алу салалық стандартына негізделгенкелісіммен реттеледі. Уәкілетті кредитормен жасасайтынмаркетмейкерлер өтелген қысқа сатылымдарды жүзеге асыруға құқылы.

Анықтама:

AIX биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы 2020 жылғы 2 шілдеде өткен АХҚО Басқару жөніндегі кеңесінің отырысында мақұлданды.  Стратегияға сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді».https://aifc.kz/