АХҚО Биржасы кастодиан-банк ретінде SGSS Russia (Росбанк) таңдады

30 Қараша 2018

АХҚО Биржасы кастодиан-банк ретінде SGSS Russia (Росбанк) таңдады

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (AIX) АХҚО алаңындағы алғашқы ІРО, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қарапайым акцияларымен және жаһандық депозитарлық қолхаттарымен сауда-саттықты, сондай-ақ пост-трейдингтік жүйедегі есеп айырысуларды AIX CSD (АХҚО Биржасының Орталық депозитарийі) және Societe Generale Securities Services, Russia (Росбанк) жүзеге асырады.

2018 жылдың 14-нен 23 қарашасына дейін АХҚО Биржасы Орталық депозитарийі 1,3 млрд теңге сомасына қарапайым акциялармен 1 253 мәмілелер бойынша және 250 мың 455 АҚШ доллары сомасына ЖДҚ-мен 32 мәміле бойынша есеп айырысу табысты орындалды. Росбанк АІХ алаңында сатылатын депозитарлық қолхаттарға да, қарапайым акцияларға да кастодиан-банк ретінде қызмет атқарды, осылайша ол AIX CSD-мен Euroclear және Бағалы қағаздардың қазақстандық орталық депозитарийі арасында дәнекерші болды.

АІХ Басқармасының Төрағасы Тим Беннетт:

«SGSS Russia (Росбанк) ынтымақтастық биржа қызметі үшін маңызы ерекше, өйткені ол әлемнің ең ірі клирингтік банктерінің бірі Euroclear мен Қазақстандық орталық депозитарийін өзара байланыстырып, бағалы қағаздардың барлық түрлері үшін пост-трейдингтік жүйенің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл – АІХ-ның жетекші депозитарий-банктермен жаһандық байланысты қамтамасыз етудің маңызды жағы».

Ресей мен ТМД-ғы SGSS басшысы Михаил Братанов:

«SGSS Russia (Росбанк) – 10 жыл бұрын қазақстандық қаржы нарығымен байланыс орнатқан алғашқы ресейлік кастодиан-банкі. Біз АХҚО Биржасын іске қосудағы серіктес болғанымызды мақтан тұтамыз. Біздің есеп айырысу саласындағы тәжірибеміз бен мүмкіндіктеріміз АІХ-ның үздік нарықтық тәжірибелерге сәйкес қарапайым және қауіпсіз пост-трейдингін қамтамасыз етуге үлес қосып жатырмыз деп санаймыз».

Анықтама:

AIX. АХҚО Биржасы (AIX) 2018 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту аясында құрылды. 2018 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын іске қосты. AIX акционерлері қатарында АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен AIX-ке сауда алаңын ұсынып отырған NASDAQ бар. www.aix.kz

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық орталық құру болып табылады. АХҚО-ның басты міндеті – Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық нарық капиталын негізге ала отырып, бағалы қағаздар нарығының жандандырылуын қамтамасыз ету, қаржылық қызметтер саласына тікелей инвестиция тарту үшін, қолайлы орта құру арқылы ел экономикасына инвестиция тартуға жол ашу болып табылады.www.aifc.kz

SGSS. Societe Generale Securities Services (SGSS), әлемде барлығы 4 000 қызметкер жұмыс істейтін 27 кеңсесі бар, қаржы нарықтары мен реттеу нормаларының соңғы үрдістеріне сәйкес бағалы қағаздарға қызмет көрсету бойынша қызметтердің толық түрлерін ұсынады. SGSS жаһандық кастодиондардың алғашқы ондығына кіреді және екінші ірі еуропалық кастадион болып табылады. Жергілікті нарықта SGSS Russia-ның атынан Societe Generale  тобына кіретін әмбебап банк –  Росбанк жұмыс істейді. Росбанк Ресейдің 70 өңіріндегі 4 млн. жеке клиенттерге қызмет көрсетеді. Банктің өңірлік желісі 340-қа жуық сауда нүктелері мен 30 мың серіктестік желінің банкоматтарын қамтиды. Ресей Банкі Росбанкті 11 жүйелік маңызы бар банктерге қосты.  www.rosbank.ru

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы 
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]